үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Путин «осырса» бізде дауыл тұрады. Кез келген құбылысты НЕГЕ Ресей шантажы деп...

Путин «осырса» бізде дауыл тұрады. Кез келген құбылысты НЕГЕ Ресей шантажы деп қабылдайтын жағдайға жеттік?

15
0


                Путин «осырса» бізде дауыл тұрады. Кез келген құбылысты НЕГЕ Ресей шантажы деп қабылдайтын жағдайға жеттік?

Фото: Nege.kz

КТК мұнай құбырының өз жұмысын тоқтатуын қазақтар өзіне Ресейдің көрсетіп отырған кезекті қыры деп қабылдады. Шын мәнінде КТК жоспарлы түрде жылына үш рет жөндеу жұмыстарына жабылады. Бұл жолғы жабылғаны алдын ала жоспарда бекітілген болатын.

Бірақ, кінә Ресейдің өзінен. 2022 жылғы КТК құбырының түсініксіз дауылдан, одан кейін Екінші дүниежүзілік соғыс миналарынан тоқтай беруі Ресейдің осы құбырды саяси қысым құралы ретінде пайдаланғысы келетінін айқын байқатты.

  • Ресей Қазақстанға экономикалық соғыс жариялады ма?

Бір қуанарлығы, 2022 жылдың нәтижесінде біз өзіміздің мұнай экспортымыз бойынша алға қойған жоспарларымызды төмендеткен жоқпыз. Ауытқу тек 1 пайыздай ғана болды.

КТК жүйесінің Новороссийскідегі сыртқы мұнай құю құрылғысы. Фото: Коммерсант.

«Тоқтау мерзіміне көп нәрсе байланысты», – дейді сарапшы Андрей Чеботарев. «Қысқа мерзімде көп проблема болмайды».

«Ең ауыры – ұзақ мерзімге жабылу. Ол кезде тасымал тізбектері бұзыла бастайды. Және Теңіз кенішінде бәлендей мұнай резервуарлары жоқ. Олар өндірген мұнайын бірден құбырға құйып жатыр. Бұл ретте, КТК тоқтаса, ТШО мұнай өндіру көлемін қысқартуға мәжбүр болады. Бұл өндірістік тұрғыдан қиын процесс»

Каспий құбыр консорциумы биыл құбыр жүйесі арқылы шамамен 66 миллион тонна мұнай тасымалданады деп болжап отыр. Яғни, жоспар бойынша көлем 12,4 пайызға артуы тиіс. Мысалы, 2022 жылы КТК жүйесі арқылы экспортқа 58,7 миллион тонна мұнай жөнелтілді. Бұл шамамен 527 танкерге мұнай құйылды деген сөз. Осы көлемнің 52,2 миллион тоннасы Қазақстанға тиесілі. Теңіз кенішінен 29 миллион тонна, Қашағаннан 12 миллион тонна, ал Қарашығанақтан 10 миллион тонна КТК арқылы экспортталды.

  • Даудың басы… ДИВЕРСИФИКАЦИЯ ма?

Путиннің ұзын құрығынан құтылу үшін біз Баку – Тбилиси – Жейхан мұнай құбыр желісіне көз тіге бастадық. Бірақ оның өткізу көлемі бізге аздық етіп отыр. Мысалы, БТЖ арқылы осы жылы Қашаған кен орнынан 6 900 тонна мұнай, ал Теңізден 9 000 тонна жіберілді. Миллион тонналардың қасында бұл баланың ойыншығы сияқты.

Бірақ БТЖ арқылы алдағы уақытта 20 миллион тонна мұнай экспорттауға болады. Себебі, Әзірбайжанның өз экспорты қысқарып жатыр. Құбырдан бізге орын көбейеді. Сол кезде Путиннің тентек балаша жасап отырған кейбір қылықтарына назар аудармайтын боламыз.

#ктк #путин

Источник: nege.kz