үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Путин Ресей қарулы күштерімен келісімшарт жасасқан шетелдіктерге азаматтық беруді жеңілдетті

Путин Ресей қарулы күштерімен келісімшарт жасасқан шетелдіктерге азаматтық беруді жеңілдетті

0

ЖАҢАЛЫҚТАР Путин Ресей қарулы күштерімен келісімшарт жасасқан шетелдіктерге азаматтық беруді жеңілдетті

Moscow. Multifunctional migration center in Sakharovo Бөлісу

  Путин Ресей қарулы күштерімен келісімшарт жасасқан шетелдіктерге азаматтық беруді жеңілдетті Бөлісіңіз

Ресей президенті Владимир Путин Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырған шетелдіктерге Ресей азаматтығын жеңілдетілген тәртіппен беру туралы жарлыққа қол қойды.

Бұл жарлық бойынша, Украинадағы ұрыс қимылдары кезінде бір жылдық келісімшарт жасасқан шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар жеңілдетілген тәртіппен Ресей азаматтығын алуына болады. Бұл тәртіп олардың отбасыларына да жүреді.

Осы жарлық арқылы Ресей өз әскеріне еңбек мигранттарын, әсіресе Орталық Азиядан келетін еңбек мигранттарын көбірек тартуды көздейді. Бұған дейін мешіттерде, жатақханаларда, көші-қон қызметтері мен көшелерде еңбек мигранттарын әскерге шақыратын үгіт парақтары көбейгені байқалған.

Орталық Азиядан келіп, Ресей азаматтығын алғандарды Ресей Украинадағы соғыс басталысымен-ақ майданға тарта бастаған. 2022 жылы 21 қыркүйекте Ресей ішінара мобилизация жасаған кезде бұл процесс күшейе түскен.

Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан Ресейде жұмыс істеп жүрген азаматтарына Ресей қорғаныс министрлігімен келісімшартқа отырудан сақ болуды ескерткен. Бұл елдерде мұндай әрекет қылмыстық іске тартылады.

Алайда соғысқа қарамастан, Ресейге барып жатқан еңбек мигранттары көбейе түскені байқалады. Федерациялық қауіпсіздік қызметінің мәліметіне қарағанда, биыл алғашқы кварталда Ресейге 300 мың адам жұмыс іздеп барған. Бұл – былтырғыдан 1,5 есе көп. Мигранттардың 90 пайыздан астамы – Орталық Азиядан келгендер.

Источник: www.azattyq.org

Exit mobile version