үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Путиннің досының әйелі Ресейдегі ең дәулетті әйелдердің біріне айналды

Путиннің досының әйелі Ресейдегі ең дәулетті әйелдердің біріне айналды

15
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Путиннің досының әйелі Ресейдегі ең дәулетті әйелдердің біріне айналды


Путиннің досының әйелі Ресейдегі ең дәулетті әйелдердің біріне айналды

Владимир Путин және Владимир Литвиненко. Архивтен алынған сурет. Бөлісу

  Путиннің досының әйелі Ресейдегі ең дәулетті әйелдердің біріне айналды Бөлісіңіз

Санкт-Петербург тау университетінің ректоры Владимир Литвиненконың әйелі Татьяна Литвиненко Forbes журналының дерегінше, Ресейдегі ең ауқатты әйелдердің тізімінде екінші орында тұр. Журнал оның байлығын 2,8 млрд долларға бағалаған.

Литвиненко минералды тыңайтқыш шығаратын "Фосагро" холдингі акциясының 20 пайыздан астамына ие. "Агентство" сайтының жазуынша, оған акцияларды былтыр мамыр айында күйеуі (президент Владимир Путиннің досы ретінде танылған) сыйға тартқан.

Путин 1997 жылы экономика бойынша кандидаттық диссертациясын қорғаған кезде Владимир Литвиненко ғалымдар кеңесіне жетекшілік еткен. 2000, 2004 және 2012 жылдары ол Путиннің сайлау кампаниясын басқарған.

2000-жылдардың соңында Путиннің диссертациясын тексерген мамандар оның басым бөлігі плагиат екеніне көз жеткізген. Литвиненконың қызы Ольга Азаттықтың Орыс қызметіне берген сұхбатында Путинге диссертацияны әкесі жазып бергенін және ғалымдар кеңесінің жетекшісі ретінде Путинге ғылыми еңбекті қорғауға көмектескенін айтқан.

2018 жылы Ольга сонымен бірге байлығы миллиардтаған долларға жеткен әкесі Путиннің "көлеңкелі кассирі" болғанын және шикізат кәсіпорындарына қатысты жемқорлық схемаларын бақылағанын да айтқан.

Ресей Украинаға басып кіргелі бері Владимир Литвиненко Украина мен АҚШ-тың санкциясына ілінген. Киевтің пікірінше, Литвиненко "Фосагро" акцияларын Путиннің тікелей қатысуымен жемқорлық жолмен иеленген.

  • Владимир Путин 1997 жылы "Санкт-Петербург пен Ленинград облысының минералды-шикізат базасын өндіруді стратегиялық жоспарлау мәселесіне" қатысты кандидаттық диссертациясын қорғаған. Тәуелсіз сарапшылардың айтуынша, ғылыми еңбектің негізгі бөлігіндегі 20 беттің 16-сы Уильям Кинг және Дэвид Клиландтың зерттеуінен сөзбе-сөз немесе біраз өзгертіліп алынған.
  • Татьяна Литвиненко – соғыстан кейін байлығы артқан Ресейдегі жалғыз әйел емес. Ресейдегі дәулетті адамдардың бірі Алексей Мордашов алтын өндіретін Nordgold компаниясы акциясының басым бөлігін балаларының анасы Марина Мордашоваға берген. Осылайша Марина Мордашова Ресейдегі ауқатты әйелдердің қатарынан бір-ақ шыққан. Forbes Women журналы оның байлығын 1,85 млрд долларға бағалаған.

Источник: www.azattyq.org