үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Әр ресейлікке – бір-бір карта. Отандық банктер НЕГЕ табыстың оңай жолына көшті?

Әр ресейлікке – бір-бір карта. Отандық банктер НЕГЕ табыстың оңай жолына көшті?

16
0


                Әр ресейлікке – бір-бір карта. Отандық банктер НЕГЕ табыстың оңай жолына көшті?

Фото: ғаламтордан

Ресейдің түрлі телеграм арналарында «ЦентрКредит» және басқа да отандық банк карталарын онлайн рәсімдеу, сол арқылы МИР карталарынан ақша аудару мүмкіндігі жарнамаланып жатыр.

Және оның шын-өтірігін NEGE редакциясы да тексеріп көрді. Ресейде тұратын дереккөз өзіне «ЦентрКредит» картасын оңай рәсімдеп алды.

2022 жылы осыған қатысты ҚР Қаржы нарығын реттеу мен дамыту агенттігі Ресей Федерациясының резиденттеріне шоттар ашу және санкция талаптарын сақтау мәселесі бойынша инспекциялық тексерулер жүргізген болатын. Бірақ онда агенттік біздің банктердің санкциялық тізімге енгізілген тұлғаларға шоттар ашпағанын, сондай-ақ заңнама рәсімдері мен талаптарының сәйкестігі толық көлемде сақталғанын растаған еді. Бір сөзбен айтқанда, ресейліктерге карта ашып жатқан отандық банктер нақты заң бұзып жатқан жоқ. Тек болашақ тәуекелдер ғана бар.

«Бұдан басқа, АҚШ, ЕО және Ұлыбританияның санкцияларын айналып өту үшін ҚР қаржылық қызметтері мен қаржы жүйесін пайдалануға жол бермеу мақсатында комплаенс және тәуекелдерді басқару рәсімдеріне қойылатын талаптар күшейтілді, сондай-ақ трансшекаралық операцияларды неғұрлым мұқият тексеру арқылы қаржы ұйымдарында KYC (Know Your Customer) рәсімдері күшейтілді» – деп жазылған ҚНРДА ресми хабарламасында.

Енді ҚНРДА бұл жұмысты жалғастыра бермек. Шынтуайтына келсек, ресейліктермен бизнес жасау банктерге өте тиімді. Мол кіріс алып келетін бағыт. Мысалы, биыл бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша қазақстандық екінші деңгейлі банктердің таза кірісі 1 триллион теңгеден асқан. Бұл – былтырғыдан үш есе артық көрсеткіш.

«Тегін батпан құйрық» тұрғанда банктер де өз үлесін қарпып қалғысы келетіні түсінікті. ҚНРДА елдің қаржылық секторына санкция салынбаса екен деп алаңдайды. Ал OFAC – АҚШ-тың шетелдік активтер қадағалау бойынша басқармасы тыныш қана осы жайттардың барлығын қағазға түртіп отыр…

#freedom #бцк #аррфр

Источник: nege.kz