үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Ресей шабуылынан соң Запорожьедегі тұрғын үйге зымыран түсті

Ресей шабуылынан соң Запорожьедегі тұрғын үйге зымыран түсті

16
0


Ресей шабуылынан соң Запорожьедегі тұрғын үйге зымыран түсті

ЖАҢАЛЫҚТАР Ресей шабуылынан соң Запорожьедегі тұрғын үйге зымыран түсті Бөлісу

  Ресей шабуылынан соң Запорожьедегі тұрғын үйге зымыран түсті Бөлісіңіз

22 наурызда Ресейдің әуе шабуылынан кейін Украинаның Запорожье қаласындағы 9 қабатты тұрғын үйге зымыран түсті. Үйде өрт тұтқанып, жалын келесі үйге де жайылған. 18 адам жапа шекті, арасында балалар да бар.

Облыстық әскери әкімшілікке сілтеме жасаған "Cуспiльне" екі бірдей зымыран түскенін хабарлады. "Запорiжжя.Info" телеграм-арнасы үйдің шатырына түсіп, жарылмай қалған зымыранның фотосын жариялады. Бұл фото дәл сол үйде түсірілді ме, жоқ па, ол жағы анық емес.

Украина президенті Владимир Зеленский ғимаратқа зымыран түскен видео жариялап: "Ресей айуанға тән қатыгездікпен қаланы атқылады. [Зымыран] қарапайым адамдар, бала-шаға тұрып жатқан тұрғын кварталдарға түсіп жатыр. Террорист ел қалаларымызды, мемлекетіміз бен адамдарымызды жермен-жексен етіп, жойып жібергісі келеді" деп жазды.

Атыс жергілікті уақытпен күндізгі 12-лер шамасында болған. Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермактың айтуынша, Ресей зымырандары Запорожье қаласы мен Хортица аралына бағытталған. Запорожье мэрінің бірінші орынбасары Александр Власюктың айтуынша, зымырандар қаланың біраз жеріне түскен. "Жеті-сегіз зымыран түсті. Жарақаттанған адамдар туралы мәлімет жоқ. Жедел жәрдем көп барған".

Запорожье облысының оккупацияланған бөлігіндегі Ресей тағайындаған әкімшіліктің өкілі Владимир Роговтың айтуынша, зымырандар Украина әуе қорғанысы күштерінің кесірінен тұрғын үйлерге түскен. Оның айтуынша, үйдің бірнеше қабаты опырылып түскен.

Власюктың айтуынша, қала әкімшілігі шапа шеккен адамдарды паналататынын орын дайындап жатыр.

Қазір Ресей Запорожье облысының жартысынан астам жерін бақылауда ұстап отыр. Бірақ оның орталығы Запорожье қаласына жеткен жоқ. Аймақта ұрыс жүріп жатыр.

Источник: www.azattyq.org