үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Ресей әскери комиссариатқа шақырғанда келмегендерге айыппұлды еселеп көбейтті

Ресей әскери комиссариатқа шақырғанда келмегендерге айыппұлды еселеп көбейтті

21
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Ресей әскери комиссариатқа шақырғанда келмегендерге айыппұлды еселеп көбейтті


Ресей әскери комиссариатқа шақырғанда келмегендерге айыппұлды еселеп көбейтті

Бөлісу

  Ресей әскери комиссариатқа шақырғанда келмегендерге айыппұлды еселеп көбейтті Бөлісіңіз

Ресейде әскери комиссариатқа шақырғанда келмегендерге 1 қазаннан бастап айыппұл 10 есе көбейеді. Бұл жөніндегі заңға дүйсенбіде президент Владимир Путин қол қойды. Жаңа заң бойынша, айыппұл 10 мыңнан 30 мың рубльге көбейеді. Қазіргі айыппұл 500 рубльден 3 мың рубльге дейін.

Дүйсенбіде Путин парламент мақұлдаған тағы да бірнеше заңға қол қойған. Оның кейбірінің әскерге шақыру мен моблилизацияға қатысы бар. Мобилизация кезінде әскери комиссариатқа көмек көрсетпеу, әскери комиссариатқа тізім бермеуге де айыппұл көбейген. Жаңа заң 1 қазаннан бастап, яғни күзгі әскери шақырылым басталған уақытта күшіне енеді.

Путин қол қойған заңдардың бірі Ресей азаматтарының мемлекеттік реестрге тіркелмеген шетелдік үкіметтік емес ұйым жұмысына қатысуына тыйым салады. Бұл заң қабылданған күннен бастап күшіне енеді.

Путин қол қойған тағы бір заң бойынша Украинадан тартып алынған жерде қылмыс жасаған адам "егер қылмысын Ресей Федерациясының мүддесі үшін жасаған болса" жауапқа тартылмайды. "Медиазонаның" жазуынша, депутаттар бұл норма 2022 жылдың 30 қыркүйегіне дейінгі қылмыстарды қамтиды дегенмен, бұл дата заңның өзінде көрсетілмеген.

Шілдеде мемлекеттік дума каникулға кетер алдында мобилизацияны оңайлататын көптеген заң жобаларын қабылдаған. Мұнан өзге 1 қаңтардан бастап электронды пошта арқылы әскери комиссариатқа шақырылғандар Ресейден шыға алмайтыны туралы заң нормасы іске қосылады. Қазіргі заң бойынша, шақыру алғаннан кейін 7 күннен кейін ғана мұндай тыйым салынады.

Источник: www.azattyq.org