үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Ресейде «мемлекетке опасыздық жасау» бабымен қозғалған іс еселеп көбейген

Ресейде «мемлекетке опасыздық жасау» бабымен қозғалған іс еселеп көбейген

15
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Ресейде "мемлекетке опасыздық жасау" бабымен қозғалған іс еселеп көбейген


Ресейде "мемлекетке опасыздық жасау" бабымен қозғалған іс еселеп көбейген

Ресей бас прокуратурасының ғимараты Бөлісу

  Ресейде "мемлекетке опасыздық жасау" бабымен қозғалған іс еселеп көбейген Бөлісіңіз

Ресейде 2023 жылдың басынан бері "мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша кемінде 20 қылмыстық іс қозғалған, бұл былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 5 есе көп деп хабарлады "Верстка" мен "Агентство" басылымдары. 2022 жылы Ресейде осы бап бойынша барлығы 22 қылмыстық іс қозғалған.

Биылғы қаңтар мен ақпан айларында "мемлекетке опасыздық жасау" бабымен бес қылмыстық іс, ал наурызда тоғыз қылмыстық іс қозғалған. Сәуірде алғашқы 10 күн ішінде әлгіндей қылмысқа қатысы бар деген күдікпен алты адам ұсталған.

Белгілі болған істердің жартысына жуығы Ресейдің Қиыр Шығыс өлкесінде тұратын адамдардың үстінен қозғалған. "Первый отдел" құқық қорғау жобасының заңгері Евгений Смирнов осы өлкедегі күш құрылымдары "мұндай істерден тәжірибесі болғандықтан", сонша іс қозғауы мүмкін деп топшылайды. Оның үстіне, Ресей федерациялық қауіпсіздік қызметі (ФСБ) тек "өзіне қолайлы" істер туралы ақпаратты жариялайды дейді заңгер.

Евгений Смирнов "мемлекетке опасыздық жасау" бабымен қозғалған істер көбейгенін Ресей президенті Владимир Путиннің "ішкі жауларды әшкерелеу" туралы сөзімен және заңда қылмыстың "дұшпан жағына өту" деген жаңа түрінің пайда болуымен байланыстырады.

Путин былтыр желтоқсанның аяғында қауіпсіздік органдары қызметкерлерімен кездесуде шетелдік арнаулы қызметтердің іс-әрекетіне "қатаң түрде тоқтау салып", "сатқындарды, тыңшылар мен диверсанттарды жедел анықтауға" шақырған. Ол бұл жұмыста қарсы барлау органдары "барлық күшін жұмылдырып, барынша жинақы болуы керек" деп мәлімдеген.

Биыл сәуірде Ресей мемлекеттік думасының қарауына Қылмыстық кодекске "мемлекетке опасыздық жасау" мен "терроризм" қылмыстары үшін өмір бойы түрмеге қамау жазасын белгілеуді көздейтін заң өзгерістерін енгізу жобасы ұсынылды. Қазір "мемлекетке опасыздық жасау" бабы бойынша 12 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бостандығынан айыру жазасы беріледі.

Источник: www.azattyq.org