үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Ресейдің Белгород облысынан мобилизацияланғандар бұйрықты орындаудан бас тартты

Ресейдің Белгород облысынан мобилизацияланғандар бұйрықты орындаудан бас тартты

14
0


Ресейдің Белгород облысынан мобилизацияланғандар бұйрықты орындаудан бас тартты

ЖАҢАЛЫҚТАР Ресейдің Белгород облысынан мобилизацияланғандар бұйрықты орындаудан бас тартты Бөлісу

  Ресейдің Белгород облысынан мобилизацияланғандар бұйрықты орындаудан бас тартты Бөлісіңіз

Ресейдің Украинамен шектес Белгород облысынан мобилизацияланғандар бұйрықты орындаудан бас тартып, өздерін "ДХР-дің" шабуылдаушы бригадасына қосқанын, еш дайындықсыз алғы шепке жібергенін мәлімдеді. Бұл жөнінде "Осторожно, новости" телеграм-арнасы жазды.

Басылым мобилизацияланғандардың видеосын редакцияға туыстары жібергенін айтты.

Мобилизацияланғандардың сөзінше, олардың бөлімдері Белгород облысының шекарадағы Шебекино қаласында болған. Ол жерден бұларды наурыздың басында "еш бұйрықсыз және түсіндірусіз" "ДХР-ға" апарған (Украинаның Донецк облысы).

"ДХР" әскери бөлімдері мобилизациямен келгендердің әскери билетін алып, өздерін ешбір барлаусыз, дайындықсыз, байланыс құралдарынсыз-ақ "деревняға шабуыл жасауға" жіберген. Мобилизацияланғандардың сөзінше, олардың бөлімдері қазірдің өзінде шығынға ұшыраған.

Олар бұйрықты орындаудан бас тартпайтынын, бірақ оны Ресей қарулы күштерінің құрамында болса ғана орындайтынын айтқан.

Ресей қорғаныс министрлігі бұл жөнінде әзірге түсініктеме берген жоқ.

Мобилизациямен әскерге алынғандардың шағымданып отырғаны алғаш рет емес. Әскери қызметте тиісті жағдай жасалмағаны, құрал-жабдықтың жеткіліксіздігі және командирлердің зорлық-зомбылығы туралы әлденеше рет шағым түсіргені көпшілікке мәлім болған. Кейбірі Украинадағы соғысқа барудан бас тартқан.

Ресейдің Иркутск облысынан мобилизацияланғандар ақпан айының соңында Ресей президенті Путинге үшінші рет шағымданып, өздерін шабуылдаушы бөлімнен аймақтық қорғанысқа жіберуді сұраған.

  • Бұған дейін "Би-би-сидің" орыс қызметі кейінгі үш айда өлгендердің көпшілігі моблизациямен әскерге алынғандар және өз еркімен келісімшарт жасап, соғысқа барғандар екенін жазған. Журналистер соғыс басталғалы бері Ресейдің 15 мыңнан астам жауынгері өлгенін растайтын ақпарат тапқан.
  • Источник: www.azattyq.org