үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Ресейдің әскери өндіріс кешеніне көмектескен Өзбекстандағы екі компания Еуроодақ санкциясына ілінді

Ресейдің әскери өндіріс кешеніне көмектескен Өзбекстандағы екі компания Еуроодақ санкциясына ілінді

16
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Ресейдің әскери өндіріс кешеніне көмектескен Өзбекстандағы екі компания Еуроодақ санкциясына ілінді


Ресейдің әскери өндіріс кешеніне көмектескен Өзбекстандағы екі компания Еуроодақ санкциясына ілінді

Бөлісу

  Ресейдің әскери өндіріс кешеніне көмектескен Өзбекстандағы екі компания Еуроодақ санкциясына ілінді Бөлісіңіз

Еуропа одағының Ресейге салған санкциясының 11-пакетіне Өзбекстандағы Alfa Beta Creative және GFK Logistic Asia компаниялары ілінді. Брюссель бұл екі компанияны Мәскеудің әскери өндіріс кешеніне көмектескен ұйымдар тізіміне қосқан.

23 маусымда Еуропа одағы Ресейдің әскери өндіріс кешеніне көмектесіп келе жатқан ұйымдар тізіміне жаңадан 87 компанияны қосты. Өзбекстандағы екі компаниядан бөлек тізімге Қытай, Иран, Сирия, Армения мен Біріккен Араб Әмірліктеріндегі компаниялар кірген. Бұған дейін Еуропа одағының Ресейге қарсы санкциялар тізімінде Ресей мен Иран компаниялары болған.

Тізімге кірген компанияларға технологиялар мен соғыста қолданылуы мүмкін қосалқы мақсаттағы тауар экспорттауға шектеу қойылады.

Өзбекстандағы Alfa Beta Creative және GFK Logistic Asia компанияларын АҚШ қаржы министрлігі сәуір айында санкциялар тізіміне кіргізген. АҚШ қаржы министрлігінің мәліметінше, бұл компаниялар санкцияны айналып өтіп, Ресейдің әскери және қорғаныс өнеркәсібі үшін АҚШ тауарын сатып алған немесе сатып алмақ болған.

Өзбекстандағы кәсіпорындардың мемлекеттік реестрі деректеріне сүйенген Ташкенттегі Gazeta.uz басылымы Alfa Beta Creative компаниясы соғыс басталған соң бірнеше айдан кейін, 2022 жылдың маусымында тіркелгенін анықтады.

Бұл мәліметке қарағанда, компанияның жарғылық капиталы 2 миллион сомға тең, негізгі қызмет түрі − кеңсе техникасы мен жабдықтардың көтерме саудасы. Ал 2018 жылдың наурызында тіркелген GFK Logistic Asia компаниясының жарғылық капиталы 200 миллион сом болған. Ұйым құрлықтағы көлік қызметін көрсетеді.

Мамыр айында АҚШ билігі санкция тәртібін бұзып, Ресейдің әскери өнеркәсіп кешеніне көмектескені үшін 71 ұйымды қара тізімге қосқан, олардың 69-ы Ресейдегі компаниялар болса, қалған екеуі Армения мен Қырғызстанда орналасқан.

Батыс басылымдары бұған дейін Еуропа одағы санкция салынған техниканың Ресейге жеткізілуін тоқтату үшін Қазақстандағы компанияларға қарсы шара қабылдауы мүмкін екенін хабарлаған. Бірақ Еуропа одағы санкциясының 11-пакетіне Қазақстандағы компаниялар кірген жоқ.

Жақында OCCRP мен серіктес басылымдар Қазақстан арқылы Ресейге санкцияға ілінген тауар тасымалдау схемасын жариялады. Зерттеушілердің дерегінше, Қазақстандағы "Аспан Арба" компаниясы Қытайда өндірілетін DJI дрондарын Нидерландтағы еншілес компаниядан сатып алып, Ресейге тасымалдаған.

Қазақстан билігі "Ресейге қарсы санкциялық режимді қолдамаймыз, Мәскеуге Батыстың экономикалық шектеулерін айналып өтуге көмектесіп отырған жоқпыз, елімізді мұндай мақсатқа пайдалануға жол бермейміз" деп бірнеше рет мәлімдеген.

Источник: www.azattyq.org