үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Ресми Ташкент Мирзияев билігін ұзартатын конституция қабылданды деп мәлімдеді

Ресми Ташкент Мирзияев билігін ұзартатын конституция қабылданды деп мәлімдеді

39
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Ресми Ташкент Мирзияев билігін ұзартатын конституция қабылданды деп мәлімдеді


Ресми Ташкент Мирзияев билігін ұзартатын конституция қабылданды деп мәлімдеді

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев референдумда дауыс беріп тұр. Ташкент, 30 сәуір, 2023 жыл. Бөлісу

  Ресми Ташкент Мирзияев билігін ұзартатын конституция қабылданды деп мәлімдеді Бөлісіңіз

Өзбекстандағы референдумның алдын ала қорытындысы бойынша конституциялық өзгерістер қабылданды. Ресми Ташкенттің 1 мамырда алдын ала таратқан ақпараты бойынша, дауыс беруге келгендердің 90,21 пайызы Шавкат Мирзияевтың билігін созатын конституциялық өзгерістерді қолдаған.

Өзгеріске сай, елде президенттік мерзім бес жылдан жеті жылға ұзарып, Мирзияевтың 2040 жылға дейін билікте отыруына жол ашылмақ. Оның 2026 жылы аяқталатын президенттік мерзімі қысқарып, қайтадан екі рет сайлауға түсуге мүмкіндік алмақ.

Мирзияев конституцияны өзгерту туралы ұсынысты 2021 жылы желтоқсанда айтқан. Жаңа конституцияда Өзбекстан әлеуметтік, құқықтық және зайырлы ел деп көрсетілген. Бұрынғы конституцияда мұндай түсініктер болмаған еді. Бұған қоса, сенаттағы депутат саны 100-ден 65-ке қысқарады. Жаңа конституцияда мемлекет халықты ең төменгі жалақымен, баспанамен, медициналық көмекпен және интернетпен қамтамасыз етуге тиіс. Бірақ сарапшылар Мирзияев конституцияны өзгерту арқылы ең әуелі билігін күшейтпек деп есептейді.

Источник: www.azattyq.org