үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Reuters: Ресейлік компаниялар Қазақстаннан санкцияны айналып өтуге көмектесуді сұрап жатыр

Reuters: Ресейлік компаниялар Қазақстаннан санкцияны айналып өтуге көмектесуді сұрап жатыр

8
0


Reuters: Ресейлік компаниялар Қазақстаннан санкцияны айналып өтуге көмектесуді сұрап жатыр

ЖАҢАЛЫҚТАР Reuters: Ресейлік компаниялар Қазақстаннан санкцияны айналып өтуге көмектесуді сұрап жатыр Бөлісу

  Reuters: Ресейлік компаниялар Қазақстаннан санкцияны айналып өтуге көмектесуді сұрап жатыр Бөлісіңіз

Кейінгі апталарда Ресей компаниялары қазақстандық әріптестерінен Батыс санкциясын айналып өту мәселесі бойынша көмектесуді көп сұрай бастаған. Олар өздеріне қажет тауарларды импорттауды да өтінген. Бұл жөнінде жеті дереккөзге сүйенген Reuters агенттігі хабарлады.

Жуырда Анкара санкцияға ілінген транзиттік тауарларды Ресейге тасымалдауды тоқтататынын мәлімдеген еді. Агенттікке сұхбат берген екі дереккөз Қазақстанға өтініш көбейгенін содан көреді.

Сатушылар мен сатып алушылар үшінші елдер арқылы тауар тасымалдаудың күрделі тізбегін құрап, санкцияны айналып өту жағынан көп жағдайда Түркияға арқа сүйеп келген еді.

Дереккөздердің айтуынша, ресейліктер тауарды Қазақстан мен Ресейдің құрлық шекарасы арқылы тасымалдау бойынша көп өтініш айта бастаған. Екі елдің құрлық шекарасы 7 мың шақырымнан асады.

Reuters-ке бір қазақстандық кәсіпкер оған ресейлік компания Австралиядан жүк көлігіне тиелген сирек жер металдарын тасымалдау үшін 1 миллион доллар ұсынғанын хабарлаған.

Қазақстан үкіметі агенттіктің сауалдарына жауап бермеген.

Reuters-тің жазуынша, Астана үшін Мәскеу ірі сауда әріптесі ретінде қалып отыр. Былтыр Қазақстаннан экспорт көлемі шамамен 25 пайыз артып, 9 млрд долларға жуықтаған. Мысалы, мойынтірек экспорты екі есе артып, 111 млн долларға жеткен.

Бұған дейін Bloomberg басылымы Ресей санкцияны айналып өтіп, үшінші елдер арқылы, оның ішінде Қазақстанның да көмегімен Еуропадан микрочиптер сатып алып жатқан болуы мүмкін деп жазған еді.

Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко 10 наурызда "Қазақстан санкцияны өз аумағы арқылы айналып өтуге жол бермейді. Қазақстанға Батыс елдері жағынан бұл мәселе бойынша шағым түскен жоқ" деп мәлімдеген еді. Қазақстаннан Ресейге көп электроника тауары экспортталып жатқанын көрсететін статистика туралы сұраққа Василенко мұны "тауар тасымалы тізбегі бұзылғандығынан" деп түсіндірген.

Источник: www.azattyq.org