үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Сайлау қорытындысын жариялаған ОСК «аздаған құқықбұзушылық түпкі нәтижеге әсер етпеді» деді

Сайлау қорытындысын жариялаған ОСК «аздаған құқықбұзушылық түпкі нәтижеге әсер етпеді» деді

13
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Сайлау қорытындысын жариялаған ОСК "аздаған құқықбұзушылық түпкі нәтижеге әсер етпеді" деді


Сайлау қорытындысын жариялаған ОСК "аздаған құқықбұзушылық түпкі нәтижеге әсер етпеді" деді

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров. Бөлісу

  Сайлау қорытындысын жариялаған ОСК "аздаған құқықбұзушылық түпкі нәтижеге әсер етпеді" деді Бөлісіңіз

Бүгін, 19 наурызда өткен парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлаудың ресми қорытындысын жариялаған Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров "сайлау кезіндегі аздаған құқықбұзушылық сайлау нәтижесіне әсер етпегенін" мәлімдеді.

Нұрлан Әбдіровтің сөзінше, сайлау кезінде заңды бұзғаны үшін комиссиялардың 19 мүшесі дереу шеттетілген.

– Заң бұзылғаны туралы материалдардың әлеуметтік желіге таралуына және сайлау комиссияларына өтініш түсуіне байланысты біз Бас прокуратураға 19 наурызда – сайлау күні тексеру және құқықтық бағалау туралы сұрау жібердік. Бас прокуратураның ресми ақпараты бойынша, дауыс беру күні 42 адамның тарапынан құқықбұзушылық тіркеліп, олардың барлығы жауапқа тартылған. Жеті учаскелік комиссия мүшесіне Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 108-бабы, ал 18 учаскелік комиссия мүшесіне 110-бабы бойынша айыппұл салынған. Алайда бұл іс-әрекет азаматтардың ерік білдіру нәтижелеріне әсер етпеді. Және сайлау округіндегі немесе тиісті аумақтық әкімшілік бірліктегі сайлау нәтижесін сенімді түрде анықтауға мүмкіндік берді, – деді Нұрлан Әбдіров.

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының сөзіне қарағанда, сайлау күні бюллетеньді отбасы мүшелерінің атынан да сала салу, дауыс беруге арналған кабинада бір мезгілде бір адамнан артық болу секілді кемшіліктер болды.

19 наурызда өткен мәжіліс пен жергілікті мәслихаттарды сайлау кезінде және одан кейін сайлауға қатысқан тәуелсіз кандидаттар, олардың сенімді өкілдері және тәуелсіз бақылаушылар учаскелік сайлау комиссияларының өрескел әрекеттері туралы көптеген мәлімдеме жасаған. Оның ішінде сайлау нәтижесін көрсететін хаттамаларды кандидаттар мен бақылаушылардың өздеріне бермей қою жағдайы да жиі кездескен. Кейбір кандидаттар сайлау хаттамасының басым көпшілігін алып, көп дауысқа ие болғанына көз жеткізсе де, "сайлауда жеңілген" болып шыққанын айтты.

Источник: www.azattyq.org