үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Сарыағаш соты сайлау учаскесінің дауыс нәтижесі туралы хаттамасының күшін жойды

Сарыағаш соты сайлау учаскесінің дауыс нәтижесі туралы хаттамасының күшін жойды

12
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Сарыағаш соты сайлау учаскесінің дауыс нәтижесі туралы хаттамасының күшін жойды


Сарыағаш соты сайлау учаскесінің дауыс нәтижесі туралы хаттамасының күшін жойды

Сайлау учаскесі. Бейтарап сурет. Бөлісу

  Сарыағаш соты сайлау учаскесінің дауыс нәтижесі туралы хаттамасының күшін жойды Бөлісіңіз

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық соты №10 бірмандатты сайлау округіндегі №643 сайлау учаскесінің дауыс нәтижесі туралы хаттамасының күшін жойды. Бұл ақпаратты Азаттыққа облыстық соттың баспасөз қызметі растады.

22 наурыз күні шыққан шешімге қарағанда, сотқа арызды Рүстем Аманбаев пен Досмұхамбет Салғалдақов түсірген. Олар №643 және №911 сайлау учаскелерінің дауыс нәтижесі туралы хаттамаларының күшін жоюды талап еткен.

Арызданушылар №643 сайлау учаскесінде "байқаушылардың сайлауды толық бақылауына мүмкіндік жасалмады, бейнебақылау камерасы көпе-көрінеу өшірілді, бір адам бірнеше рет дауыс берді, бюллетеньдер топтап салынды" деген сияқты жеті заңбұзушылыққа жол берілгенін айтқан.

Арызға қарағанда, №643 сайлау учаскесінің төрағасы дауыс санау кезінде ауысқан. Бірақ хаттамада жаңадан сайланған төраға сайлаушыларға 322 хаттама бергені көрсетілген. Дауыс санау кезінде 57 бюллетень жоғалғаны белгілі болған. Баайқаушыларға хаттама көшірмесі берілмеген.

"Жауапкер" деп танылған №643 сайлау учаскесінің төрағасы шағымды ішінара мойындаған. Ал №911 сайлау учаскесі айыпты жоққа шығарған. Сот бұл учаскеде "сайлау нәтижесіне әсер ететін заңбұзушылық анықталмады" деп есептеген.

Сот арызданушылардың талабын ішінара қанағаттандырып, №643 сайлау учаскесінің дауыс нәтижесі туралы хаттамасының күшін жойған.

Сот шешімінде арызданушылар бақылаушы не үміткер екені туралы ақпарат жазылмаған.

26 наурыз күні Facebook желісінде №643 сайлау учаскесі комиссия мүшелерінің бюллетеньдерді қайта санауына кедергі жасаған бір топ адамның видеосы тараған еді. Видеода бұл іске полиция араласқаны көрінеді.

Сарыағаш ауданындағы №643 сайлау учаскесінде дау туғанын Орталық сайлау комиссиясы да растады.

№643 сайлау учаскесінде 2248 сайлаушы тіркелген. Онда сайлаушылар мәжіліске және Сарыағаш аудандық мәслихатына депутат сайлауға дауыс берген.

19 наурызда өткен парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихат депутаттарын сайлаудың ресми қорытындысын бүгін, 27 наурызда жариялаған Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров "сайлау кезіндегі аздаған құқықбұзушылық сайлау нәтижесіне әсер етпегенін" мәлімдеді. Ол мұны Бас прокуратураның осы мәселеге байланысты жауабынан кейін айтып тұрғанын ескертті.

19 наурызда өткен мәжіліс пен жергілікті мәслихаттарды сайлау кезінде және одан кейін сайлауға қатысқан тәуелсіз кандидаттар, олардың сенімді өкілдері және тәуелсіз бақылаушылар учаскелік сайлау комиссияларының өрескел әрекеттері туралы көптеген мәлімдеме жасаған. Оның ішінде сайлау нәтижесін көрсететін хаттамаларды кандидаттар мен бақылаушылардың өздеріне бермей қою жағдайы да жиі кездескен.

Источник: www.azattyq.org