ЖАҢАЛЫҚТАР Сауда министрі Қазақстаннан Ресейге екі мақсаттағы тауар экспортталғанын растады
- Нұргүл ТАПАЕВА
Embed Бөлісіңіз
Министр сөзі президенттікіне қайшы. Жұманғарин Ресейге екі мақсаттағы тауар экспортталғанын растады
Embed Бөлісіңіз The code has been copied to your clipboard. width px height px
The URL has been copied to your clipboard
No media source currently available
0:00 0:04:13 0:00 Жүктеп алу
- 240p | 11,9MB
- 360p | 19,0MB
- 480p | 33,0MB
- 720p | 65,9MB
- 1080p | 101,5MB
Бөлісу
Сауда министрі Қазақстаннан Ресейге екі мақсаттағы тауар экспортталғанын растады Бөлісіңіз
Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Ресейге Батыс елдерінің санкция тізіміндегі тауарлар экспортталып жатқанын мойындады. "Санкцияның басында олар (Батыс елдерінің санкция бойынша өкілдері – ред.) бізге 7 мың тауар түрінің тізімін берді. Былайша айтқанда, біздің бүкіл тауар айналымымыз. [Батыс елдері өкілдерімен] сөйлескенде "мынаның бәріне тосқауыл қою не бақылау мүмкін емес" дедік" деді Жұманғарин Азаттық тілшісіне берген сұхбатында.
Министрдің айтуынша, соңғы кездесуде АҚШ қаржы министрінің көмекшісі Элизабет Розенберг, сауда министрінің өкілі Мэтью Аксельрод және Еуропа одағының санкциялар жөніндегі арнаулы өкілі Дэвид О’Салливан бақылауға алу тиіс тауар санын қысқартқан.
– Қазіргі уақытта 38 код (тауар номенклатурасы) бар, былайша айтқанда 104 тауар түрі. Олармен жұмыс істеп жатырмыз, – деді Жұманғарин.
Сауда министрінің сөзіне қарағанда, Батыс майдан даласынан табылған бөлшектер бойынша берген тауарларды бақылау енді күшейтілген. "Микросхема сияқты заттарды бөлшектерді таситын компанияларға арнайы электронды шот-фактура құжатын өткізу, форматтық-логистикалық бақылау енгізілді" деді Жұманғарин.
Мамыр айында халықаралық зерттеуші журналистер тобы Ресейге Қазақстан арқылы дрон мен микросхема тасымалдаған екі компанияны анықтаған. Бір апта бұрын Азаттық радиосы да Ресейге Украинадағы соғыста қолданылып жатқан екі мақсаттағы тауар түрлерін қазақстандық компаниялар экспорттап жатқанын, электронды бөлшектердің сауда статистикасы қатты өскенін көрсеткен зерттеу жариялаған.
Источник: www.azattyq.org