ЖАҢАЛЫҚТАР Семей әкімдігі Би-2 концерті өтпейтіні туралы ақпарат таратып, ізінше жойып тастаған
Ресейдің "Би-2" тобы Бөлісу
Семей әкімдігі Би-2 концерті өтпейтіні туралы ақпарат таратып, ізінше жойып тастаған Бөлісіңіз
Семей әкімдігі Би-2 концерті болмайтыны туралы Instagram парақшасына ақпарат жариялап, көп ұзамай жойып тастады.
Әкімдік хабарына қарағанда, жақында болған ормандағы өрттен кейінгі трагедияға және қоғамдағы көптеген өтініштерге байланысты Ресейдің Би-2 музыка тобының 21 маусымға жоспарланған концерт өтпейтін болған.
14 маусымда "Би-2" тобы Астанада концерт қойған. "Би-2" концерт кезінде Абай облысындағы өртте өлгендердің туыстарына көңіл айтып, концерттен түскен қаржыны зардап шеккендерге толығымен аударатынын айтқан.
Концерттің өтпейтіні туралы әкімдік ақпараты қазір жоқ. Семей әкімдігі бұл жағдайға түсініктеме бермеген.
Кеше, 19 маусымда Ресейдің Украинаға агрессиясын қолдап жүрген эстрада әншісі Лепстің концерті Қонаев қаласында өтпейтіні туралы хабар тараған. Соның ізінше Семейде Би-2 тобының да концерті болмайтыны жарияланған. "Би-2" тобының Ресейдің Украинаға агрессиясын қолдағаны байқалмаған.
Источник: www.azattyq.org