үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Семейде Қаңтар кезінде изоляторда адам азаптады деп айыпталған полицей 6 жылға сотталды

Семейде Қаңтар кезінде изоляторда адам азаптады деп айыпталған полицей 6 жылға сотталды

16
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Семейде Қаңтар кезінде изоляторда адам азаптады деп айыпталған полицей 6 жылға сотталды


Семейде Қаңтар кезінде изоляторда адам азаптады деп айыпталған полицей 6 жылға сотталды

Семейде Қаңтар оқиғасынан кейін полицияда жұмбақ жағдайда қаза болған Елдос Қалиев. Жеке архивтен алынған. Бөлісу

  Семейде Қаңтар кезінде изоляторда адам азаптады деп айыпталған полицей 6 жылға сотталды Бөлісіңіз

2 тамызда Семей қаласының №2 сотында Қаңтар оқиғасы кезінде уақытша қамау изоляторында қаза болған Елдос Қалиевтің өліміне байланысты айыпталған полиция қызметкері Айдын Азанбаевқа үкім оқылды. Сот оны 6 жылға бас бостандығынан айырды. Айыпталушы жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Сот Азанбаевты жәбірленуші жаққа 9 млн теңге төлеуге де міндеттеген.

Айдын Азанбаевқа "Азаптау" және "Билік өкілетін асыра пайдалану" баптары бойынша айып тағылған. Тергеу органдарының хабарлауынша, ол "анықталмаған адамдармен" Елдос Қалиевті азаптаған.

"Жақыннан айырылып, қайғыдан қан жұтуды ақшамен есептеу мүмкін емес, бірақ сот 9 млн теңге көлемінде өтемақы тағайындады" деді сот үкімін оқыған судья.

Судья сонымен бірге сотта жауап берген 90 полиция қызметкерінің ешқайсысы полиция басқармасындағы ұрып-соғу жөнінде "білмегенін" атап өтті.

— Сотта барлығы 2022 жылы 11 қаңтарға қараған түні Семей қаласының полиция ғимаратында болған оқиғаны көрмегендерін айтты. Ешқайсысы қылмыс орнында болмағандарын, Қалиевті ұрып-соғу фактісі жөнінде білмейтіндерін айтты. Полиция қызметкерлерінің бұл жауабына сот сынмен қарайды, оны өзін-өзі қорғау және Азанбаевты жасыру деп бағалайды, – деді судья.

Елдос Қалиев 2022 жылы 10 қаңтарда ұсталған. Ол Қаңтар оқиғасынан кейін енгізілген коменданттық сағат кезінде "көлігінен таяқ пен қару табылған-мыс" деп ұсталып, ертесінде уақытша қамау изоляторында "жұмбақ жағдайда" қаза болған. Медициналық сараптама Елдос Қалиевтің денесінен көп жарақат тапқан.

– Басқаша айта алмаймын: оны өлтірген. Медициналық сараптама жасаттық, қабырғасы денесіне кіріп кеткен, бір аяғы түгел көгерген, басы жарылған. Бүкіл денесінде тепкінің ізі бар. Тырнақтарының астына ине жүгірткен. Мұндайды бірінші рет көрдім. Шымыр жігіт емес еді, салмағы 60 килограмға да жетпейтін. Адамды осынша айуандықпен өлтіру деген… Сараптамада "асқазаны орнынан жылжып кеткен" деді. Әр тырнағына ине тыққан. Қаныпезер, тіпті фашистің өзі бұлай жасамайды ғой. Халыққа ант берген құқық қорғау органдары мұндайға қалай барды? – деген былтыр ақпанда марқұмның жақын досы Талғат Исламов.

Сәрсенбі күні сот үкімі оқылғаннан кейін "сізге лағынет айтамын, судья" деп айқайлаған Азанбаевты қарауыл алып кетті. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

15 маусымда Семей соты Елдос Қалиевтің өліміне байланысты "Салғырттық" бабы бойынша айыпталған өзге екі полиция қызметкері Арайлым Ақылбекова мен Қайрат Әнуарбековтың бостандығын үш жылға шектеген.

Источник: www.azattyq.org