үй Қазақстан жаңалықтары Экономика ШҚО-да алтын фабрикасын салатын компания жұмысшылары мен ауыл халқы жанжалдасқан

ШҚО-да алтын фабрикасын салатын компания жұмысшылары мен ауыл халқы жанжалдасқан

13
0

ЖАҢАЛЫҚТАР ШҚО-да алтын фабрикасын салатын компания жұмысшылары мен ауыл халқы жанжалдасқан


ШҚО-да алтын фабрикасын салатын компания жұмысшылары мен ауыл халқы жанжалдасқан

Маралды ауылы. Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы. 28 наурыз 2023 жыл Бөлісу

  ШҚО-да алтын фабрикасын салатын компания жұмысшылары мен ауыл халқы жанжалдасқан Бөлісіңіз

Кеше, 19 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Маралды ауылының тұрғындары мен осы ауылдың іргесінен алтын өңдейтін фабрика салғалы жатқан компания жұмысшылары жанжалдасып қалған. Бұл жөнінде бүгін, 20 шілдеде Азаттыққа Маралды ауылының адамдары айтты.

Олардың сөзінше, тау-кен кәсіпорыны 19 шілдеде өндірістің экологияға әсері туралы қоғамдық тыңдау өткізуге тиіс болған. Бірақ сол күні жиналыс уақытын шегерген. Қоғамдық тыңдауға қатысуға басқа жаққа көшіп кеткен ауыл тумалары мен журналистер де жиылған. Олар жиын болмағаннан кейін фабрика аумағын видеоға түсіруге барған. Сонда "белгісіз адамдар" оларға кедергі келтірген. Осы жағдайдан кейін ауылдан 100-ден астам адам кәсіпорын жеріне барған.

– Журналистің қолын бұрап, телефонын тартып алды. Міне, біз 70-тегі шалмыз. Бізге де қоқан-лоқы жасады, жасымызға қарағалы тұрған жоқ. Қолымызды бұрап, ұрмақшы, — деді қоғамдық тыңдауға келгендермен бірге фабрика іргесіне барған Маралды тұрғыны Нұржақып Қабылбаев.

Источник: www.azattyq.org