үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Шымкентте прокурор тергеуде өлген Жұмабаев ісі бойынша төрт полицейді 3 жылдан 9...

Шымкентте прокурор тергеуде өлген Жұмабаев ісі бойынша төрт полицейді 3 жылдан 9 жылға дейін соттауды сұрады

7
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Шымкентте прокурор тергеуде өлген Жұмабаев ісі бойынша төрт полицейді 3 жылдан 9 жылға дейін соттауды сұрады


Шымкентте прокурор тергеуде өлген Жұмабаев ісі бойынша төрт полицейді 3 жылдан 9 жылға дейін соттауды сұрады

Полиция ғимаратында өлген Нұрболат Жұмабаев Бөлісу

  Шымкентте прокурор тергеуде өлген Жұмабаев ісі бойынша төрт полицейді 3 жылдан 9 жылға дейін соттауды сұрады Бөлісіңіз

27 маусымда Шымкент қалалық қылмыстық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында прокурор қалалық полиция департаментіне тергеуге жеткізілген 30 жастағы Нұрболат Жұмабаевты "азаптап өлтірді" деген күдікпен айыпталған төрт полицейді 3 жылдан 9 жылға дейін қамауды сұрады. Айыпталушылар тағылған айыпты мойындамайды.

Прокурор айыпталушыларды кінәлі деп есептеп, Қылмыстық кодекстің "билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану" (362-бап) және "азаптаулар" (146-бап) бабымен күдікке ілінген Дәулет Аймешовті 9 жылға, Уәлихан Жәнібековті 8 жылға, Дінмұхаммед Исаевты 7 жылға, "азаптаулар" бабымен күдікке ілінген Әлішер Өткіровті 3 жылға бостандығынан айыруды, оларды 3 жылға дейін құқық қорғау органдарының басшылық қызметінде жұмыс істеуге тыйым салып, Аймешов, Жәнібеков және Исаевты полиция полковнигі шенінен айыруды сұрады.

Айыпталушылар тағылған айыпты мойындамай, өздерін ақтап шығаруды сұрады.

Жәбірленуші тарап соттан "оқиғаға байланысты өз жұмысына немқұрайды қараған" сол кездегі Шымкент қалалық полиция департаментінің басшысы генерал Ералы Жұмаханбетовтің үстінен қылмыстық іс ашу үшін жеке ұйғарым шығаруды сұрады.

— Полиция департаменті ғимаратында адамды азаптап өлтірді. Бұл – ауыр қылмыс,- деді жәбірленуші марқұм Жұмабаевтың ағасы Жанбота Байеке.

Полиция ғимаратында өлтірілген Нұрболат Жұмабаевпен бірге ұсталып, "азапталған" Сергей Петров "кешірмеймін, барынша ауыр жаза қолдануды сұраймын" деді.

Источник: www.azattyq.org