үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Шымкенттегі жаңа үйдің тұрғындары зілзаладан соң пәтерлерінде сызат ұлғайып бара жатқанын айтты

Шымкенттегі жаңа үйдің тұрғындары зілзаладан соң пәтерлерінде сызат ұлғайып бара жатқанын айтты

14
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Шымкенттегі жаңа үйдің тұрғындары зілзаладан соң пәтерлерінде сызат ұлғайып бара жатқанын айтты


Шымкенттегі жаңа үйдің тұрғындары зілзаладан соң пәтерлерінде сызат ұлғайып бара жатқанын айтты

Пәтерлерінің қабырғасы жарылғанын айтып тұрған тұрғындар. Шымкент, 28 наурыз, 2023 жыл. Бөлісу

  Шымкенттегі жаңа үйдің тұрғындары зілзаладан соң пәтерлерінде сызат ұлғайып бара жатқанын айтты Бөлісіңіз

Бүгін, 28 наурызда Шымкент қаласы Шымсити ықшамауданындағы 96 пәтері бар тоғызқабатты үйдің тұрғындары пәтерлерінің қабырғасы жарылғанын айтып шағымданды. Олар "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша 15 жыл ипотекаға алған пәтерлері сапасыз болып шыққанына наразы.

Тұрғындардың бірі Қаламқас Асқанбетова үш бөлмелі пәтерінің жарылмаған қабырғасы қалмағанын айтады. Оның сөзінше, 21 наурызда қалада болған 3 балл зілзаладан соң қабырғадағы жарықтар үлкейе түскен.

– Жер сілкінген кезде үй тербелді. Бес баламызды алып, қашып шықтық. Үш күн бойы үйге кіруден қорықтық. Енді үйіміз құлап қалмай ма деген үреймен жүрміз, – дейді ол.

Қаламқаспен бір үйде тұратын Шолпан Құртанова да үш бөлмелі пәтерін ипотекаға сатып алған. Айына 120 мың теңге кредит төлейді. Ол үй әу бастан сапасыз салынған деп есептейді.

– Шатырынан су ақты, жертөлесі суға толды, құбырлары жарылды. Енді, міне, жарылған қабырғалары көбейді. Тағы жер сілкінсе, үйіндінің астында қалатын шығармыз. Бұл үйде әрі қарай тұруға бола ма, жоқ па – тиісті орындар сараптама жасауы керек, – дейді ол.

Жарылған қабырға. Шымкент, 28 наурыз, 2023 жыл.

Үй ауласына шығып, нарызылығын айтқан 10-нан астам адаммен кездесуге үйді салған мердігер компанияның өкілі мен Шымкент қалалық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ердәулет Әжібаев келді. Олардың сөзінше, "зілзаладан кейін қабырғалар жарылғаны – қалыпты жағдай".

– Бұл үй 8 балл зілзалаға шыдайтындай етіп салынған. 21 наурызда жер сілкінісінен соң қабырғалары жарылғаны рас. Оны мердігер компаниялар қалпына келтіреді, – деді Әжібаев.

Мердігер компанияның өкілі де зілзаладан пәтер қабырғалары жарылғанын жоққа шығармады. Оның сөзінше, қазірге дейін алты пәтерден шағым түскен.

Источник: www.azattyq.org