үй Қазақстан жаңалықтары Экономика «Слава Украине!» деген соң оққа ұшқан жауынгерді қаруластары мен қарындасы таныды

«Слава Украине!» деген соң оққа ұшқан жауынгерді қаруластары мен қарындасы таныды

12
0


"Слава Украине!" деген соң оққа ұшқан жауынгерді қаруластары мен қарындасы таныды

ЖАҢАЛЫҚТАР "Слава Украине!" деген соң оққа ұшқан жауынгерді қаруластары мен қарындасы таныды Өлер алдында "Слава Украине!" деген тұтқын жауынгер. Оны Ресей солдаттары атқан болуы мүмкін. Видео қашан, қай жерде түсірілгені белгісіз. Бөлісу

  "Слава Украине!" деген соң оққа ұшқан жауынгерді қаруластары мен қарындасы таныды Бөлісіңіз

"Слава Украине" деген соң бірден атып тасталған тұтқын украин жауынгері Тимофей Шадура болуы мүмкін. Бұл ақпаратты князь Константин Острожский атындағы 30-механикаландырылған жеке бригада хабарлады. Шадура сол бөлімде қызмет еткен.

Бригаданың хабарына қарағанда, 41 жастағы Шадура биыл 3 ақпанда Бахмут ауданындағы ұрыс кезінде хабар-ошарсыз кеткен. Қазір оның денесі Ресей басып алған жерде жатыр. Оның кім екені мәйітті алып, сараптама жасалған соң түпкілікті анықталады.

Бұған дейін украин журналисі София Кочмар-Тимошенко Шадураның қарындасының "Менің ағам екеніне 100 пайыз сенімдімін. Көзінен, дауысынан темекіні қалай шегіп тұрғанынан таныдым" деген сөзін жариялаған.

Кеше әлеуметтік желіде шұқыр қазып болған соң, темекі шегіп тұрған украин жауынгерін "Слава Украине!" деген сөзінен кейін бірден атып тастағаны көрінетін видео тараған. Украина "соғыс заңы мен дәстүрін бұзу бабы" бойынша тексеріс бастаған.

Украина билігі Халықаралық қылмыстық сот прокурорын бұл істі тексеруді бастауға шақырған.

Украинаның адам құқығы жөніндегі уәкілі Дмитрий Лубинец әлеуметтік желіге тараған видеоны Ресейдің кезекті соғыс қылмысының айғағы ретінде түрлі елдердегі әріптес құқық қорғаушыларға жібергенін хабарлады.

Украина президенті Владимир Зеленский тұтқындағы жауынгерді өлтірген адамды табуға уәде берді. Ресей бұл видео жайлы түсініктеме жарияламады.

Источник: www.azattyq.org