үй Қазақстан жаңалықтары Экономика «Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропавлды Қырым сияқты алыңдар» деген Петропавл тұрғыны сотталған

«Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропавлды Қырым сияқты алыңдар» деген Петропавл тұрғыны сотталған

11
0

ЖАҢАЛЫҚТАР "Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропавлды Қырым сияқты алыңдар" деген Петропавл тұрғыны сотталған


"Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропавлды Қырым сияқты алыңдар" деген Петропавл тұрғыны сотталған

Солтүстік Қазақстан облысының әкімішілік орталығы Петропавл қаласы. Архив фотосы Бөлісу

  "Солтүстік Қазақстан облысы мен Петропавлды Қырым сияқты алыңдар" деген Петропавл тұрғыны сотталған Бөлісіңіз

Өткен аптада Петропавл қалалық соты жергілікті тұрғынды Қылмыстық кодекстің "сепаратизм" бабы бойынша кінәлі деп таныған. Бұл туралы жергілікті Петропавловск.news басылымы хабарлады. Алғашқы инстанциядағы сот үкімі әзірге күшіне енбеген.

Қылмыстық іс материалдарына қарағанда, 2021 жылы қыркүйекте Татьяна С. әпкесімен бірге ChatRoulette видеочаты арқылы белгісіз ер адаммен сөйлесіп, сепаратизм белгілері бар сөздер айтқан.

Әңгімелескен адам "Әлемдегі қай президентті өз еліңіздің бпсшысы ретінде көргіңіз келеді?" деген сұрақ қойған. Татьяна "Путин" деп жауап берген.

Тергеу материалында қарағанда, белгісіз адамның осымен әңгімені аяқтағысы келгені байқалған, бірақ Татьяны "Сіз қайдансыз?" деп сұраған. Ер адам Ресейден екенін айтқан. Содан соң Татьяна "Біздің Петропавл мен Солтүстік Қазақстан облысын Қырым секілді алып алыңдар" деген.

Әлеуметттік желіде Қазақстандағы сепаратизм туралы жазбалар әрдайым кездеседі. Оның көбінде Ресеймен шекарадағы өңір туралы сөз болады. Биыл наурызда Солтүстік Қазақстан облысының полициясы бір топ жергілікті тұрғын "Петропавл халық кеңесі" деп аталатын ұйым құрғаны туралы видео жарияланғаннан кейін тексеріс басталғанын хабарлаған. Сәуір айында Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы "халық кеңесінің" мүшелері үш айға қамалғанын хабарлаған.

Источник: www.azattyq.org