үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Сот Ермек Нарымбайға кесілген жазаны жеңілдетіп, бостандыққа шығару жөнінде шешім қабылдаған

Сот Ермек Нарымбайға кесілген жазаны жеңілдетіп, бостандыққа шығару жөнінде шешім қабылдаған

14
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Сот Ермек Нарымбайға кесілген жазаны жеңілдетіп, бостандыққа шығару жөнінде шешім қабылдаған


Сот Ермек Нарымбайға кесілген жазаны жеңілдетіп, бостандыққа шығару жөнінде шешім қабылдаған

Ермек Нарымбай Бөлісу

  Сот Ермек Нарымбайға кесілген жазаны жеңілдетіп, бостандыққа шығару жөнінде шешім қабылдаған Бөлісіңіз

Бүгін Қонаев қалалық соты жазасын жеңілдету туралы қамаудағы Ермек Нарымбайдың өтінішін қанағаттандырды. Бұл туралы Азатыққа адвокаты Жанар Балғабаева хабарлады.

— Мерзімінен бұрын босап, 11 айға жуық пробациялық бақылауда болатын болды. Біз айыппұл төлеп шығаруды сұрадық. Бірақ прокурор пробациялық бақылау қажет екенін айтты. Судья прокурормен келісіп, қатаң шектеумен шығаруға келісті. Баспасөз маслихаты, митинг пен шеру сияқты қоғамдық істерге қатысуға тыйым салды, — деді адвокат Жанар Балғабаева.

Адвокаттың сөзінше, прокуратура қарсылық білдірмесе, 15 тәуліктен кейін Ермек Нарымбаев түрмеден шығуға тиіс.

Құқық қорғаушылар жасаған "саяси тұтқындар" тізіміне енген 52 жастағы Ермек Нарымбай саяси белсенділігі үшін бірнеше рет әкімшілік және қылмыстық жазаға тартылған.

Источник: www.azattyq.org