үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Тәжікстан билігі: Елде ресейлік нөмірмен жүрген 30 мыңнан астам көлік бар

Тәжікстан билігі: Елде ресейлік нөмірмен жүрген 30 мыңнан астам көлік бар

21
0


Тәжікстан билігі: Елде ресейлік нөмірмен жүрген 30 мыңнан астам көлік бар

ЖАҢАЛЫҚТАР Тәжікстан билігі: Елде ресейлік нөмірмен жүрген 30 мыңнан астам көлік бар Бөлісу

  Тәжікстан билігі: Елде ресейлік нөмірмен жүрген 30 мыңнан астам көлік бар Бөлісіңіз

Тәжікстанда ресейлік нөмірмен жүрген 30 мыңнан астам көлік бар. Оның дені елге Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін келген. Тәжікстан кеден қызметі осылай деп мәлімдеді.

Мекеме таратқан ақпаратқа қарағанда, мұндай көліктер, негізінен, Ресей, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтарына тиесілі.

Кеден қызметінің мәліметінше, шетелдік нөмір таққан көліктер Тәжікстанда 15 күнге дейін тіркеусіз жүре алады. Мерзім аяқталғаннан кейін Тәжікстаннан шығып кетуі керек немесе ресми түрде тіркеуден өтуі керек.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон былтыр қазан айында Астанада өткен саммит кезінде еліне Ресейде мобилизация жарияланғаннан кейін 30 мыңнан астам Ресей азаматы келгенін жеткізген.

Ресми мәлімет бойынша, жүз мыңдаған тәжік азаматы Ресей азаматтығын қоса алған. Кейінгі тоғыз айда 120 мың тәжік Ресей азаматы атанған.

Украинада соғыс басталғалы бері Тәжікстанның ондаған азаматының сүйегі еліне жеткізілді. Олардың арасында Ресейде түрме жазасын өтеген де бар.

Источник: www.azattyq.org