үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Түркіменстан билігі мәжіліс сайлауында сайлаушыларды шетелдегі туыстарының атынан дауыс беруге міндеттеген

Түркіменстан билігі мәжіліс сайлауында сайлаушыларды шетелдегі туыстарының атынан дауыс беруге міндеттеген

18
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Түркіменстан билігі мәжіліс сайлауында сайлаушыларды шетелдегі туыстарының атынан дауыс беруге міндеттеген


Түркіменстан билігі мәжіліс сайлауында сайлаушыларды шетелдегі туыстарының атынан дауыс беруге міндеттеген

Бөлісу

  Түркіменстан билігі мәжіліс сайлауында сайлаушыларды шетелдегі туыстарының атынан дауыс беруге міндеттеген Бөлісіңіз

26 наурыз, жексенбі күні Түркіменстанда өткен парламент депутаттарын сайлауда сайлаушылар шетелге кеткен туыстарының атынан дауыс берген. Бұл жөнінде Азаттық радиосының Түркімен редакциясы хабарлады.

Түркіменстан орталық сайлау комиссиясының мәліметіне қарағанда, республика уәлаяттарының барлығында сайлаушылардың кем дегенде 83 пайызы дауыс берген.

Азаттықтың Түркімен қызметінің хабарына қарағанда, республика билігі сайлаушыларға шетелге кеткен туыстарының орнына дауыс беруді алдын ала ескерткен.

– Түрікменабад қаласында сайлауға дайындық тобы үйлерді аралап, 18 жасқа толғандарды тіркеген. Шетелге кеткен туыстарының да паспорт мәліметтерін алып, сайлау күні Түркіменстанда болмаған азаматтардың атынан олардың туыстары дауыс беретінін ескерткен, – деп жазады Азаттықтың Түркімен редакциясы.

Редакцияның мәліметінше, сайлаушылардың бірі "депутаттыққа кандидаттарды ешкім білмейтінін, оларды билік өзі тағайындайтынын" айта келе, "Бұл сайлау – малды қораға айдап кіргізгенмен тең нәрсе. Бұған кеткен шығынды аш-жалаңашқа бергені жақсы еді" деген.

Источник: www.azattyq.org