үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Теміртауда 9 мамырға байланысты автошеру өтті. Бұл шараға әкімдік рұқсат бермеген

Теміртауда 9 мамырға байланысты автошеру өтті. Бұл шараға әкімдік рұқсат бермеген

0

ЖАҢАЛЫҚТАР Теміртауда 9 мамырға байланысты автошеру өтті. Бұл шараға әкімдік рұқсат бермеген

Теміртаудағы автошеру. 9 мамыр 2023 жыл. Бөлісу

  Теміртауда 9 мамырға байланысты автошеру өтті. Бұл шараға әкімдік рұқсат бермеген Бөлісіңіз

9 мамырда Қарағанды облысы Теміртау қаласында Жеңіс күніне орай автошеру болды. Автокөліктер колоннасы мен мотоциклдер қала орталығымен жүріп өткен. Көліктерде Қазақстан туымен түстес көк жалаулар, орақ пен балғасы бар қызыл тулар болған.

Желіде болған тікелей эфирде полицейлер шара келісілмеген деп жолды жапқаны және шерушілерге әкімдік өкілдерін күтіңіздер деп айтқаны байқалады. Ал шеруге қатысушылар әкімдікпен келісілгенін айтады. Осыдан соң автошеру болып, полицейлер көлігі автоколоннаны алып жүрді.

Автошеруден соң Теміртаудағы орталық көшеде мерекелік шара өтіп, жиналғандар "Жеңіс күнімен!" деп айғайлап, соғысқа қатысқан туыстарының фотосын алып жүрді. Кейін жиналғандар қаладағы Белгісіз солдат ескерткішіне барып, ресми шараға қатысты. Одан соң қаланың басқа бұрышында жергілікті билік ұйымдастырған мерекелік концерт өтті.

Бір күн бұрын Теміртау әкімінің орынбасары Самат Зияшев желіде тараған қалада "Мәңгілік полк" шеру өтеді деген хабарламаны жоққа шығарып, "Мәңгілік полк" шеруі болмайтынын ресми түрде мәлімдеймін. Рұқсатсыз жиналғандарға заңмен шара қолданылады" деп ескерткен.

Теміртау әкімдігі Азаттық тілшісіне "бір топ тұрғын 9 мамырда автошеру ұйымдастыру туралы ескерткенін" айтады.

— Біз оларға шараны басқа күні өткізуді ұсындық, себебі қоғамдық тәртіпті қадағалайтын қызметкерлердің бәрі бос емес. Әкімдікке шеру өтетіні туралы ешкім айтпады. Прокуратура бұған құқықтық бағасын береді, — деп хабарлады әкімдік.

Қазақстанда жергілікті тұрғындар қандай да бір шеру ұйымдастыратын болса жергілікті әкімдіктен рұқсат алуы тиіс. Рұқсат етілмеген шараға қатысқандар жазаланады.

Қазақстан биыл Жеңіс күніне орай әскери парадты ұйымдастырудан бас тартқан. Қорғаныс министрлігі парадтың өтпеуін қаржыны үнемдеу деп түсіндірген. Жергілікті әкімдіктер "Мәңгілік полк" шарасын өткізуге рұқсат етпеді. Бұған қарамастан кейбір қалаларда шағын шерулер болды.

Қазақстан қоғамы биліктен 9 мамырды Екінші дүниежүзілік соғысты еске алу күні деп жариялауды сұрап, бұл күні мерекелік шаралар өткізбеуді сұрап келеді. Көршілес Ресей бұл күнді жыл сайын әскери парадпен атап өтеді. Биыл Мәскеуде өткен шеруге Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Мәскеу 9 мамырды саяси мақсатқа, Украинадағы басқыншылығын ақтап алуға қолданып келеді.

Источник: www.azattyq.org

Exit mobile version