үй Қазақстан жаңалықтары Экономика ВЫРУЧКА аз, ШЫҒЫН көп. «Қазақстан темір жолы» АҚ кірісі НЕГЕ төрт есе...

ВЫРУЧКА аз, ШЫҒЫН көп. «Қазақстан темір жолы» АҚ кірісі НЕГЕ төрт есе төмендеді?

0

Фото: Nege.kz

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының қаржылық жағдайы алаңдаушылық туғызады. Бәрі нашар деуге келмес. Бірақ ұлттық компанияның қаржылық тиімділігі төмендеп барады.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы 2022 жылдың аудиттелген қаржылық есебін жариялады. Және оған қатысты біршама сұрақ туындап отыр. Бір жылда выручка шамамен 153 миллиард теңгеге көбейсе, тауар мен қызметтің өзіндік құны 223 миллиард теңгеге қымбаттаған.

  • «Air Astana», «Qazaq Air» мен «ҚТЖ» қашан жекешелендіріледі?

Кері динамика 70 миллиард теңгеге бағаланады. Соның кесірінен 2021 жылы Қазақстан темір жолы 347,6 миллиард теңге ортақ кіріс алса, ал 2022 жылы 277,2 миллиард теңге ортақ кіріс көрсеткен. Ал таза пайда 2021 жылы 154,7 миллиард теңге, 2022 жылы 36,8 миллиард теңге болды. Сонда таза пайда бір жылда төрт есеге құлап отыр.

«Қазақстан Темір жолы» АҚ 2022 жылдың қортындысы бойынша аудиттелген қаржылық есебі

Бір сөзбен айтқанда, биыл Қазақстан темір жолы өз акционері «Самұрық-Қазына» қорына жарытып дивиденд төлемейді.

  • ҚТЖ «Жолаушылар тасымалы» басшысы етіп Германия азаматын тағайындады

Бұл өз кезегінде «Қазақстан халқына» қорына да жағымсыз әсер бермек. Акционердің бір акциядан алатын табысы 240 теңгеден 70 теңгеге дейін құлдырап кеткен.

2023 жылдың басында «Қазақстан темір жолының» міндеттемелері оның активтерінен 118,4 миллиард теңгеге асып кетті.

Биыл ҚТЖ 256,5 миллиард теңгенің кредиттерін төлеуі тиіс. Бұл аз сома емес. Алда көптеген ірі инфрақұрылым бойынша жоспарларды ескерсек, қарызы көбеймесе, азаймайтын сияқты.

#қтж #самұрық #теміржол

Источник: nege.kz

Exit mobile version