үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Украин әскерінің алғашқы тобы Leopard танкілерімен жаттығуды аяқтайды

Украин әскерінің алғашқы тобы Leopard танкілерімен жаттығуды аяқтайды

17
0


Украин әскерінің алғашқы тобы Leopard танкілерімен жаттығуды аяқтайды

ЖАҢАЛЫҚТАР Украин әскерінің алғашқы тобы Leopard танкілерімен жаттығуды аяқтайды Leopard танкілері. Бөлісу

  Украин әскерінің алғашқы тобы Leopard танкілерімен жаттығуды аяқтайды Бөлісіңіз

Испанияда Leopard 2A4 танкілерін қолдануды үйреніп жатқан украин әскерінің алғашқы тобы жаттығуын осы аптада аяқтайды. Бұл туралы CNN телеарнасы Испания қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, жаттығудан өтіп жатқан топтың құрамында 55 адамнан тұратын экипаж мүшелері және көмекші адамдар бар.

"Мұндай жаттығулар Испания ресми түрде Украинаның қорғанысына қолдау көрсету міндеттемесін алғаннан кейін басталған. Киев Leopard танкілерін басқару үшін экипаждарды және көмекші адамдарды дайындап беруге өтініш жасаған" деп жазылған мекеменің мәлімдемесінде.

Испания осыған дейін Украинаға Leopard 2A4 үлгісіндегі алты танк беретінін мәлімдеген.

Германия Украинаға Leopard 2 танкілерінің A6 модификациясындағы заманауи үлгісін жөнелтеді.

Өткен айда Ұлыбританияның қорғаныс министрі Бен Уоллес Украинаға бұған дейін уәде етілген 14-тен көп танк бере алатынын айтқан. Оның сөзінше, Challenger 2 үлгісіндегі танкілер Украинаға көктемде жеткізіледі.

Польша Украинаға алғашқы Leopard 2 танкілерін 24 ақпанда берген.

Источник: www.azattyq.org