үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Украина 200 адамға санкция салды, оның 199-ы – Ресей азаматы

Украина 200 адамға санкция салды, оның 199-ы – Ресей азаматы

0

ЖАҢАЛЫҚТАР Украина 200 адамға санкция салды, оның 199-ы – Ресей азаматы Украина президенті Владимир Зеленский. Бөлісу

  Украина 200 адамға санкция салды, оның 199-ы – Ресей азаматы Бөлісіңіз

Украина 200 адамға санкция салды. Мұндай жарлыққа 12 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский қол қойды.

Санкцияға Ресей президентінің көмекшісі, "Росатом" компаниясы бақылаушылар кеңесінің мүшесі Юрий Ушаков, президент көмекшісі Лариса Брычева, "Росатом" басшысының кеңесшісі Ренат Карчаа, әскери өнеркәсіп комиссиясы аппаратының бұрынғы жетекшісі Игорь Боровков және Ресей Запарожье АЭС-і директоры қызметіне тағайындаған Юрий Черничук ілінген. Черничук – Украина азаматы.

Ақпанның бас кезінде Зеленский Ресейдің 200 компаниясына санкция салған. Оның ішінде "Росатом" мен оның еншілес компаниялары да бар.

Запорожье АЭС-ін Ресей былтыр наурыз айында басып алған. Мәскеу мен Киев АЭС аумағын атқылады деп бір-бірін жиі айыптайды. Украина станция қызметкерлерін Ресей "Росатом" компаниясымен келісімшарт жасауға мәжбүрледі деп есептейді.

Еуропа одағы Ресейге салатын санкциясының оныншы пакетін әзірлеп жатыр. Ендігі шектеулер ядро секторына қатысты болуы мүмкін.

Источник: www.azattyq.org

Exit mobile version