үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Украина барлауының басшысы: Псков аэродромына шабуыл Ресейден жасалған

Украина барлауының басшысы: Псков аэродромына шабуыл Ресейден жасалған

6
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Украина барлауының басшысы: Псков аэродромына шабуыл Ресейден жасалған


Украина барлауының басшысы: Псков аэродромына шабуыл Ресейден жасалған

Псков әуежайындағы өрт. 30 тамыз 2023 жыл. Бөлісу

  Украина барлауының басшысы: Псков аэродромына шабуыл Ресейден жасалған Бөлісіңіз

30 тамызға қараған түні Ресейдің Псков қаласындағы әуежайға шабуыл Ресей аумағынан жасалған. Бұл туралы Украина барлау қызметінің басшысы Кирилл Буданов The War Zone жобасына мәлімдеді.

Буданов шабуылдың қалай жасалғанын ашып айтпады. Оның сөзінше, шабуылдан екі ұшақ жойылып, екеуі қатты бүлінген. The War Zone спутник суретттерден бұл ақпаратты растаған. Суреттерден екі Ил-76 әскери ұшағының қалдығы мен тағы екі ұшақтың бүлінгенін байқауға болады.

The War Zone дронды әуежай маңында болған адам басқарды деп топшылайды.

Псков аэродромында әскери және жолаушылар ұшақтары орналасқан. Шабуылдан кейін мұнда өрт шыққан еді. Ресей төтенше жағдай министрлігі ұшақтардың өртенгенін растаған, бірақ санын айтпаған. Бұл Ресей авиациясынан майдан шебінен тыс жасалған ең ірі шабуыл болуы мүмкін.

Источник: www.azattyq.org