ЖАҢАЛЫҚТАР Украина бас прокуратурасы: Соғыс басталғалы бері 500 күнде 494 бала өлді
Қираған үйдің жанында жатқан ойыншық. Киев облысындағы Бородянка қаласы. 6 сәуір 2023 жыл Бөлісу
Украина бас прокуратурасы: Соғыс басталғалы бері 500 күнде 494 бала өлді Бөлісіңіз
Украинада соғыс басталғалы 494 сәби өліп, кемі 1051 сәби жараланған. Бұл ақпаратты Украина бас прокуратурасы таратты.
Ведомство мәліметіне қарағанда, Донецк (472), Харьков (297), Киев (129), Херсон (115), Запорожье (91), Николаев (89), Днепропетровск (83), Чернигов (71) және Луганск (67) облыстарында балалар басқа аймақтарға қарағанда көбірек өліп, жараланған.
"Бұл соңғы цифр емес. Ұрыс қимылдары белсенді жүрген аймақтарда жағдай әлі де тексеріліп жатыр", — дейді ведомство.
Источник: www.azattyq.org