үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Украинадағы соғыста кейінгі екі аптада 1638 ресейлік солдат опат болған

Украинадағы соғыста кейінгі екі аптада 1638 ресейлік солдат опат болған

14
0


Украинадағы соғыста кейінгі екі аптада 1638 ресейлік солдат опат болған

ЖАҢАЛЫҚТАР Украинадағы соғыста кейінгі екі аптада 1638 ресейлік солдат опат болған Бахмут. Бөлісу

  Украинадағы соғыста кейінгі екі аптада 1638 ресейлік солдат опат болған Бөлісіңіз

Украинадағы соғыста кейінгі екі аптада ресейлік солдаттар мен "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясы жалдамалы қызметкерлерінің 1638-і қаза болған. "Медиазона", BBC-дің Орыс қызметі және еріктілердің мәліметі бойынша, бұрын-соңды осынша көп адам шығыны тіркелмеген.

Журналистер мен еріктілер соғыс басталғалы бері 16 774 ресейлік солдаттың қазасын құжаттармен растай алған.

"Медиазонаның" жазуынша, соғысқа қатысып жатқан "Вагнер" компаниясының жалдамалы қызметкерлері арасында өлім көрсеткіші едәуір көбейген, компания соғысқа апарған сотталғандар арасында да адам шығыны көп.

Басылымның жазуынша, қазір орыс әскерінің негізгі бағыты бұрынғыша Бахмут болып отыр. Журналистер сонда қаза болған 800 орыс солдатының аты-жөнін анықтаған. "Медиазона" дерегінше, дегенмен Бахмутта қаза болғандар бұдан бірнеше есе көп болуы ықтимал.

Қаза болғандардың көбі Свердловск, Челябинск облыстары мен Башқұртстан, Бурятия және Дағыстаннан шыққан.

Краснодар өлкесінен де соғыста қаза болғандар көп анықталған, бірақ журналистердің түсіндіруінше, мұнда еріктілер зиратқа барып, әскери қызметкерлердің қабіріндегі суреттерді дерекке тіркеген. Сол себепті деректе олардың саны басым шыққан болуы мүмкін.

Ресей қорғаныс министрлігі Украинадағы соғыста қанша адам опат болғанын жарияламайды және журналистердің деректеріне түсініктеме бермеген. Украина билігі де соғыста қанша солдатынан айырылғанын айтпайды.

Батыс барлаушыларының мәліметінше, Ресей армиясы 60 мың солдатынан айырылған болуы мүмкін, жараланғандар одан да көп.

Қараша айында Пентагон Ресей мен Украинаның адам шығынын қоса есептегенде, 100 мың адам соғыста опат болған болуы мүмкін деп мәлімдеген. Соғыс жағдайында Украина мен Ресей билігінің хабарламаларын тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру қиын.

Источник: www.azattyq.org