үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Украинаның Ресей бақылауындағы Луганск қаласында жарылыс жиілеген

Украинаның Ресей бақылауындағы Луганск қаласында жарылыс жиілеген

13
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Украинаның Ресей бақылауындағы Луганск қаласында жарылыс жиілеген


Украинаның Ресей бақылауындағы Луганск қаласында жарылыс жиілеген

Луганск, Украина. Архив фотосы Бөлісу

  Украинаның Ресей бақылауындағы Луганск қаласында жарылыс жиілеген Бөлісіңіз

Украинаның Ресей бақылауындағы Луганск қаласының автовокзалы маңында дүйсенбі күні таңертең екі жарылыс болған. Бұл жөнінде сепаратистік "ЛХР" жетекшісі Родион Мирошникке сілтеп, ТАСС хабарлады. Азаматтық инфрақұрылым бүлінген, зардап шеккендер бар-жоғы белгісіз.

Телеграм-арнасына "штурман дайындайтын бұрынғы авиация училищесінің аумағы көзделген болуы мүмкін" деп жазған Мирошник "зымыран түсті" деп болжаған. "Ол жерде тұрғын үй тығыз орналасқан. Кадет корпусының ғимараты таяуда ғана жөнделген" деді Мирошник.

Жұма күні де Луганскіде зымыран шабуылы болғаны хабарлаған. Қаланың Ресей тағайындаған билігінің сөзінше, Украина әскері 12 мамырда Луганскіні атқылаған кезде Storm Shadow қанатты зымыранын пайдаланған. Бұл зымыранды таяуда Ұлыбритания берген. Ресей тағайындаған Луганск билігінің хабарына қарағанда, жарылыстан алты бала зардап шеккен.

Луганскіде сенбі күні де жарылыс болған. БАҚ қала төбесіне көтерілген қою түтінді көрсеткен. Кей хабарларға қарағанда, соққы Ресей жауынгерлері орналасқан ғимаратқа бағытталған.

15 мамырда таңертең Курск облысының Локоть селосы мен Красный Пахарь хуторы атқыланған. Бұл жөнінде облыс губернаторы Роман Старовойт хабарлап, Украина әскерін кінәлаған.

Ресейдің Украинамен шектесетін Курск, Белгород және Брянск облыстарында жарылыс жиі болады. Аймақ билігі мұны Украинадан көреді. Украина бұл жөнінде қандай да бір түсінік бермеген.

Источник: www.azattyq.org