үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Қырғызстанда сот шешімінен кейін Қырғыз «Азаттығының» сайты қайта қосылды

Қырғызстанда сот шешімінен кейін Қырғыз «Азаттығының» сайты қайта қосылды

16
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Қырғызстанда сот шешімінен кейін Қырғыз "Азаттығының" сайты қайта қосылды


Қырғызстанда сот шешімінен кейін Қырғыз "Азаттығының" сайты қайта қосылды

Бөлісу

  Қырғызстанда сот шешімінен кейін Қырғыз "Азаттығының" сайты қайта қосылды Бөлісіңіз

Қырғызстанда интернет байланысының барлық операторы Азаттықтың Қырғыз редакциясының rus.azattyk.org және azattyk.org сайттарын бұғаттан шығарды.

Азаттық сайтын бұғаттан шығару туралы Қырғызстан мәдениет министрлігі сот шешімінен кейін Қырғызстанның цифрлық даму министрлігіне хат жолдаған.

Азаттықтың қырғыз сайтының қырғыз және орыс тіліндегі веб-сайттарын Қырғызстан билігі былтыр қазан айының соңында бұғаттаған. Оған Қырғыз Азаттығы "Настоящее Время. Азия" бағдарламасының шекарадағы қырғыз-тәжік жанжалы туралы материалын жоюдан бас тартқаны себеп болған.

Қырғыз билігінің уәжіне қарағанда, материалда тәжік тарапының ұстанымы біржақты берілген. Оны "жалған ақпарат тарату" деп бағалап, материалды жоюды талап еткен. Веб-сайттар жабылған соң көп ұзамай Қырғызстандағы "Азаттық Медианың" банктегі шоттары бұғатталған. Былтыр қарашада Қырғыз Азаттығының 11 журналисіне аккредитация берілмеген.

Биыл 27 сәуірде Бішкек қаласының Ленин аудандық соты бұқаралық ақпарат құралы ретінде Қырғыз "Азаттығының" жұмысын тоқтату туралы Қырғызстан мәдениет министрлігінің талап арызын қанағаттандырған. Осыған байланысты бірқатар халықаралық ұйымдар мен Қырғызстан медиаұйымдары алаңдаушылық білдірген.

12 шілдеде Бішкек соты Азаттықтың Қырғыз қызметінің жұмысын тоқтату туралы Ленин аудандық сот шешімінің күшін жойып, істі тоқтатты. Оған Азаттықтың Қырғыз қызметі — "Азаттық Медиа" мен Қырғызстан мәдениет министрлігінің мәмілеге келуі себеп болған.

Азат Еуропа/Азаттық радиосы (RFE/RL) медиакорпорациясы веб-сайтындағы контентті сақтау хаттамасындағы өзгерістер бойынша контент шексіз сақталмайды, осыған байланысты екі жақтың соттасуына түрткі болған видео мұнан әрі RFE/RL веб-сайтында жоқ.

Источник: www.azattyq.org