үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Қырымда оқ-дәрі қоймасы өртеніп, екі мыңнан астам адам эвакуациялаған

Қырымда оқ-дәрі қоймасы өртеніп, екі мыңнан астам адам эвакуациялаған

15
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Қырымда оқ-дәрі қоймасы өртеніп, екі мыңнан астам адам эвакуациялаған


Қырымда оқ-дәрі қоймасы өртеніп, екі мыңнан астам адам эвакуациялаған

Ескі Қырым қаласындағы полигонда болған өрт Бөлісу

  Қырымда оқ-дәрі қоймасы өртеніп, екі мыңнан астам адам эвакуациялаған Бөлісіңіз

Ресей аннексиялап алған Қырымның шығысындағы полигонда болған өртке байланысты "Таврида" автотрассасы жабылған. Бұл жөнінде Қырымның Ресей "тағайындаған" басшысы Сергей Аксёнов хабарлады. Өрттің неден шықққаны айтылмаған.

Аксёновтың жазуынша, полигон маңындағы 4 елдімекеннің екі мыңнан астам тұрғыны эвакуацияланады. Ресей билігі көлік қозғалысының бағытын өзгерткен.

Әзірге расталмаған ақпаратқа қарағанда, Ескі Қырым қаласы маңындағы оқ-дәрі қоймасында жарылыс болған. Өрт туралы алғаш хабарлаған "Крымский ветер" телеграм-арнасы реактивті оқ-дәрі жарылысына ұқсайтын үш видео жариялаған.

"Крымский ветер" ақпаратына қарағанда, қоймаға үш зымыран түскен немесе үш дрон құлаған. Полигон Ресей әскерінің тылында жатыр, ең жақын майдан шебі кемі 230 шақырым болады.

Ресей қорғаныс министрлігі қандай да бір ақпарат таратқан жоқ.

17 шілдеде Қырым көпірінде жарылыс болып, автокөлік қозғалысы тоқтаған. Ресей она "террористік акт" деп атап, қылмыстық іс қозғаған.

Источник: www.azattyq.org