үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Өзбекстан Жоғарғы соты қарақалпақ журналисі Дәулетмұрат Тәжімұратовтың үкімін өзгертпеді

Өзбекстан Жоғарғы соты қарақалпақ журналисі Дәулетмұрат Тәжімұратовтың үкімін өзгертпеді

6
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Өзбекстан Жоғарғы соты қарақалпақ журналисі Дәулетмұрат Тәжімұратовтың үкімін өзгертпеді


Өзбекстан Жоғарғы соты қарақалпақ журналисі Дәулетмұрат Тәжімұратовтың үкімін өзгертпеді

Дәулетмұрат Тәжімұратов Қарақалпақстандағы жиында сөйлеп тұр. Нөкіс, Қарақалпақстан. 2022 жылғы шілде. Бөлісу

  Өзбекстан Жоғарғы соты қарақалпақ журналисі Дәулетмұрат Тәжімұратовтың үкімін өзгертпеді Бөлісіңіз

5 маусымда Өзбекстан Жоғарғы соты былтыр Қарақалпақстандағы жаппай наразылықтан соң 16 жылға сотталған журналист әрі белсенді Дәулетмұрат Тәжімұратовтың үкімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы Азаттыққа журналистің адвокаты Сергей Майоров айтты.

"Ел қызметінде" ("Эл хызметинде") газетінің адвокаты әрі журналист Дәулетмұрат Тәжімұратов "Өзбекстанның конституциялық құрылымын бұзуға тырысты", "билікті басып алу мақсатында сөз байласты", "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деп айыпталып, сотталған.

Жоғарғы сот Makan.uz сайтының негізін қалаушы, журналист Лолагүл Қаллыханованың да үкімін өзгертпеді. Қаллыханова да осы наразылыққа байланысты айыпталып, сегіз жылға шартты түрде сотталған.

Өзбекстан Жоғарғы соты Қарақалпақстандағы наразылыққа байланысты айыпталған тағы 18 адамның алтауының жазасын шарттыға ауыстырып, тағы алты адамның жазасын жеңілдетті. Қалғандарының жазасы өзгерген жоқ.

Сот аяқталған сәтте Дәулетмұрат Тәжімұратов залдағыларға "көңіл-күйлеріңізді түсірмеңіздер, алға, қарақалпақ!" деп айқайлады. Ол үкімі өзгеріссіз қалғанын естігенде кассациялық сотқа шағымданатынын айтты.

– Енді оған 15 жыл жазасын өтеуге тура келеді. Әділет тұрғысынан келсек, бұл – мүлде әділетсіз үкім. Мен мұны бұрыннан айтып келемін. Бұл билік сотқа дегенін жүргізіп отырғанын көрсетеді. Біздің сотымыз, Жоғарғы сот та билікке әбден тәуелді. Олар биліктің дегенін орындап отыр, – деді Азаттыққа соттан соң Тәжімұратовтың адвокаты Сергей Майоров.

Источник: www.azattyq.org