үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Өзбекстан конституциясына енетін өзгерістердің ақырғы нұсқасы президент Мирзияевқа таныстырылды

Өзбекстан конституциясына енетін өзгерістердің ақырғы нұсқасы президент Мирзияевқа таныстырылды

0

ЖАҢАЛЫҚТАР Өзбекстан конституциясына енетін өзгерістердің ақырғы нұсқасы президент Мирзияевқа таныстырылды Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев. Бөлісу

  Өзбекстан конституциясына енетін өзгерістердің ақырғы нұсқасы президент Мирзияевқа таныстырылды Бөлісіңіз

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 6 наурызда заң шығарушы Олий Мажлис депутаттарымен, сенаторлармен және Жоғарғы сот басшылығымен кездесіп, ел конституциясына енгізілетін өзгерістерге байланысты кеңесті.

Өзбекстан президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, депутаттар қоғамнан түскен 200 мыңнан астам ұсынысты қарап, халықаралық тәжірибені де ескерген.

Соның нәтижесінде Өзбекстан конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы заңның ақырғы нұсқасы әзірленген.

Өзбекстан конституцияға енетін өзгерістерді 2022 жылғы 25 маусымда жариялап, қоғамның талқылауына 10 күн уақыт берген. Алайда Қарақалпақстан автономия республикасының егемендік статусы мен Өзбекстан құрамынан шығу құқығы алынып қалғаны Қарақалпақстанда жаппай наразылық туғызған.

Источник: www.azattyq.org

Exit mobile version