үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Өзбекстан омбудсмені азаптауға қатысты шағымдардың «64 пайызы расталмағанын» мәлімдеді

Өзбекстан омбудсмені азаптауға қатысты шағымдардың «64 пайызы расталмағанын» мәлімдеді

14
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Өзбекстан омбудсмені азаптауға қатысты шағымдардың "64 пайызы расталмағанын" мәлімдеді


Өзбекстан омбудсмені азаптауға қатысты шағымдардың "64 пайызы расталмағанын" мәлімдеді

Бөлісу

  Өзбекстан омбудсмені азаптауға қатысты шағымдардың "64 пайызы расталмағанын" мәлімдеді Бөлісіңіз

Өзбекстан омбудсмені "азаптауға қатысты шағымдардың 64 пайызы расталмағанын" мәлімдеді. Бұл жөнінде мәлімет парламенттің адам құқықтары жөніндегі уәкілі таратқан баяндамада айтылған.

Ақпаратқа қарағанда, 2023 жылдың алғашқы жартысында омбудсменге қамау мекемелеріндегі азаптауларға қатысты 125 арыз түскен.

«Прокуратура жүргізген тексерулер мен қызметкерлер әрекетін зерттеу нәтижесінде арыздардың шамамен 64 пайызы расталмады» деп жазылған омбудсмен мәлімдемесінде.

Баяндамада қазір азаптауға қатысты 37 шағым тексеріліп жатқаны жазылған.

Халықаралық ұйымдар біраздан бері Өзбекстан үкіметінен қамау орындарындағы азаптауды жоюды талап етіп келеді.

Халықаралық Amnesty International ұйымының есебінде Нөкіс оқиғасына қатысқандарды жабық мекемелерде азаптағаны туралы мәліметтер бар.

Источник: www.azattyq.org