үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Өзбекстандағы референдум қарсаңында Қазақстанда екі қарақалпақ белсендісінің ұсталғаны хабарланды

Өзбекстандағы референдум қарсаңында Қазақстанда екі қарақалпақ белсендісінің ұсталғаны хабарланды

43
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Өзбекстандағы референдум қарсаңында Қазақстанда екі қарақалпақ белсендісінің ұсталғаны хабарланды


Өзбекстандағы референдум қарсаңында Қазақстанда екі қарақалпақ белсендісінің ұсталғаны хабарланды

Бөлісу

  Өзбекстандағы референдум қарсаңында Қазақстанда екі қарақалпақ белсендісінің ұсталғаны хабарланды Бөлісіңіз

Қазақстанның батысындағы Маңғыстау облысында екі қарақалпақ белсендісі ұсталды, деп хабарлады "Шырақ-2014" ақпараттық орталығына сүйенген Адам құқығын қорғау бюросы.

Ақпаратқа қарағанда, белсенділер 28 жастағы Бегдияр Халықоразов пен 26 жастағы Алпамыс Аллаяровты полиция 28 сәуірде Маңғыстау облысында типографияға "Қарақалпақтар Қарақалпақстан Республикасы аумағындағы Өзбекстан референдумына қарсы" деп жазылған баннерге тапсырыс бермек болған кезде ұстаған. Екі белсенді Қазақстан аумағында заңды тұрып, жұмыс істеп жатыр деп жазды сайт.

Әзірге ақпаратқа Маңғыстау полициясы түсініктеме бермеді.

Қарақалпақ белсенділерінің ұсталғаны туралы ақпарат 30 сәуірге белгіленген Өзбекстандағы Конституцияға өзгеріс енгізу туралы референдум қарсаңында хабарланып отыр.

Адам құқығы қорғау бюросы Қарақалпақстан астанасы Нүкісте де құқық қорғаушы Манас Қазақбаевтың қамалғанын жазды.

30 сәуірде Өзбекстанда Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өтеді. Сарапшылар жаңа өзгерістер күшіне енсе, президент Шавкат Мирзияевтың билігі 2040 жылға дейін ұзаруы мүмкін дейді.

Былтыр шілдеде Қарақалпақстанның автономия мәртебесін өзгерту туралы ұсыныс жергілікті халық арасында қарсылыққа ұшырап, қантөгіс болған. Кемінде 21 адамның өмірін қиған қантөгістен кейін билік аталған өзгерістерден бас тартқан.

Өзбекстан туралы ақпарат тарататын кейбір тәуелсіз сайттардың жазуынша, Қарақалпақстандағы наразылық былтыр күшпен басылып-жаншылып, оған қатысушылар қуғынға ұшырап, азапталса да, қарақалпақ халқы президенттің өкілетін ұзартуға мүмкіндік беретін Конституцияға өзгерістерге қарсы.

29 сәуірде оппозициялық "Бәсе" Телеграм-арнасы Қазақстан мен Қарақалпақстан шекарасында Бейнеу жағындағы шекара бекетінде ұзын-сонар кезек пайда болғанын, "митинг болатыны" жайлы сыбыстан кейін Өзбекстан жағының Қазақстанмен шекараны "жауып тастағанын", тіпті өзбек азаматтарын елге кіргізбей жатқанын хабарлады.

Lada сайтының хабарлауынша, Қазақстан ҰҚК шекара қызметі “Тәжен” шекара бекеті істеп тұрғанын хабарлап, ұзын-сонар кезекті “Ресейге жұмысқа тұруға барғысы келетін өзбек азаматтарының көбеюімен” түсіндірген.

Былтыр Қарақалпақстандағы наразылықтан кейін Қазақстанда да Өзбекстан билігінің сұрауымен қарақалпақ белсенділерінің ұсталғаны хабарланған. Бұлар: Қошқарбай Төремұратов, Жангелді Жақсымбетов, Раиса Құдайбергенова, Зиуар Мирманбетова, Тілеубике Юлдашева. Олар қазір Қазақстанда тергеу изоляторларында отыр. Қазақстан билігі олардың босқын мәртебесін сұрау туралы өтінішін әзірге қанағаттандырмаған.

"Бұл азаматтардың басым көпшілігінен өзбек билігі шілде айының басындағы Қарақалпақстан оқиғасынан кейін "конституциялық құрылысқа нұқсан келтірмек болды" деп күдіктеніп отыр " деген еді Азаттыққа Адам құқықтары мен заңдылықтарды сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының өкілі Гүлмира Қуатбекова.

Осыған дейін Қазақстанда қарақалпақ белсенділерінің ұсталуына алаңдаған халықаралық Human Rights Watch адам құқығын қорғау ұйымы Қазақстанды қарақалпақ белсенділерін Өзбекстанға бермеуге үндеген. Ұйым Қазақстан билігіне халықаралық қауымдастық алдында алған міндеттемелерін еске салып, халықаралық құқыққа сәйкес, кез келген адамды елінде қауіп күтіп тұрса, күшпен қайтаруға болмайтынын ескерткен.

Источник: www.azattyq.org