үй Қазақстан жаңалықтары Экономика Зеленский: Бұрынғы нацизм қалай күйресе, Ресейдің бүгінгі нацизмі де солай күйрейді

Зеленский: Бұрынғы нацизм қалай күйресе, Ресейдің бүгінгі нацизмі де солай күйрейді

42
0

ЖАҢАЛЫҚТАР Зеленский: Бұрынғы нацизм қалай күйресе, Ресейдің бүгінгі нацизмі де солай күйрейді


Зеленский: Бұрынғы нацизм қалай күйресе, Ресейдің бүгінгі нацизмі де солай күйрейді

Владимир Зеленский Бөлісу

  Зеленский: Бұрынғы нацизм қалай күйресе, Ресейдің бүгінгі нацизмі де солай күйрейді Бөлісіңіз

Екінші дүниежүзілік соғыс соңында нацистік Германия капитуляция жасаған күні сөйлеген Украина президенті Владимир Зеленский Ресей нацизмі де жеңілетінін мәлімдеді. Ол Жеңіс күні ретінде 8 мамыр көрсетілген заң жобасын Украина Жоғарғы радасына ұсынғанын айтты.

Дүйсенбі, 8 мамырда Киевтегі соғыс мемориалы жанында видео үндеу жолдаған Зеленский: "Ресей қайта жаңғыртып отырған бұрынғы зұлымдықтың бәрі нацизм қалай жеңілсе, солай жеңілетін болады", — деді.

"Бұрын бұл зұлымдықты қалай бірге жеңсек, қазір де солай бірге жеңеміз" деген Зеленский сөзінше, "Кремль қазіргі агрессиясы үшін, аннексиясы, басқыншылығы мен депортациясы, жаппай қырып-жойғаны мен азаптағаны үшін жауап беретін болады.

Украина президенті үндеуін 1945 жылы нацистік Германия жасаған каптитуляция жариялаған күн — 8 мамырда жасады. 9 мамырды Ресей мен өзге де постсвоеттік елдер Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні деп атап өтеді. Зеленский Жеңіс күнін 9 мамырдан 8 мамырға ауыстыру туралы заң жобасын Жоғарғы радаға ұсынған.

"Әлем елдерінің басым көпшілігі нацизмді жеңгендерді 8 мамырда еске алып, соғыс құрбандарына тағзым етеді. Ғұмыры соғыста үзілгендердің бәрін дәл осы 8 мамырда еске түсіреді. Өйткені идеологиялық қоспасыз шындық солай", — деп жазды Зеленский Twitter парақшасына.

Украина Жоғарғы радасының төрағасы Руслан Стефанчук Зеленскийдің ұсынысын қолдай сөйлеп, "Украина бұл күнді 2015 жылдан бері өркениетті елдермен бірге атап өтіп келе жатқанын" айтты. "Ал 9 мамыр — біздің ортақ үйіміз Еуропа күні. Біз Біріккен Еуропаға жақын арада міндетті түрде ораламыз", — деді Стефанчук.

Источник: www.azattyq.org