үй Қазақстан жаңалықтары Электрондық қызметтер үшін қандай салық механизмі ұсынылады

Электрондық қызметтер үшін қандай салық механизмі ұсынылады

15
0

227 rob

Электрондық қызметтер үшін қандай салық механизмі ұсынылады

Фотосурет: Сенаттың Баспасөз қызметі

Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа электрондық нысанда қызметтер көрсету кезінде жанама салықтар алу тәртібін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды талқылады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Құжат электрондық қызметтерге қосымша құн салығын төлеу мен салық есебіне қоюдағы оңайлатылған ұлттық тетікті енгізуге бағытталған. Хаттаманы ратификациялау Еуразиялық экономикалық одақ ішінде де, ҚҚС төлеудің ашық және айқын тетігі бар үшінші елдерге де салық салуда тең жағдай жасауға, салықтық әкімшілендіруді жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Электрондық қызметтер үшін қандай салық механизмі ұсынылады

Сенаторлардың айтуынша, заң бюджеттердің сұранысын қамтамасыз етуге, өндіріс экономикасының сипатын жақсартуға, электрондық нысанда қызмет көрсететін кәсіпорындардың табысын арттыруға және бәрінің нәтижесінде –  ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін болады.

Электрондық қызметтер үшін қандай салық механизмі ұсынылады

Сенаторлар кеңейтілген отырыстың қорытындысы бойынша заңды Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Источник: dknews.kz