үй Қазақстан жаңалықтары Еліміздің 20 колледжінде «Business Startup»студенттік орталықтары құрылды

Еліміздің 20 колледжінде «Business Startup»студенттік орталықтары құрылды

15
0

178 rob

Еліміздің 20 колледжінде "Business Startup"студенттік орталықтары құрылды

Фотосурет: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Еліміздің 20 колледжінде жастар арасында «Идеядан табысты бизнеске дейін» бизнес-жобаларын іске асыру мақсатында «Business Startup» студенттік орталықтары құрылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бүгінгі таңда бұл орталықтарда 665 студенттің қатысуымен экономиканың түрлі бағыттары бойынша 167 стартап жүзеге асырылуда.

«Бұл студенттік орталықтар әлеуметтік серіктестерді тарта отырып, білім алушылардың кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға және оларға өз ісін ашуға мүмкіндік береді. 2028 жылға дейін колледждерде дәл осындай 100 орталық ашу жоспарлануда. 119 мемлекеттік колледж өздері шығарған тауарларды нарыққа шығарып сатуда, бұл олар үшін өз бетінше табыс табу мүмкіндігі» Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов

Айта кетейік, өңірлердегі «Business startup» студенттік орталықтары студенттердің стартаптары мен бизнес-идеяларын қолдау мен жүзеге асырудың алаңына айналуда.

Источник: dknews.kz