үй Қазақстан жаңалықтары Елордада су тасқынына қарсы іс-шаралар жүріп жатыр

Елордада су тасқынына қарсы іс-шаралар жүріп жатыр

0

187 Awrora

Елордада су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде. Қаладағы су тасқыны қаупі бар учаскелердің саны өткен жылдармен салыстырғанда 21-ге дейін азайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Азаматтық қорғау органдары мен коммуналдық қызметтер тұрақты дайындыққа келтірілді. Су тасқыны салдарының алдын алу және жою үшін инертті материалдар қоры дайындалды.

Қазіргі уақытта Астанада қар мен мұзды жинау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде. Қысқы кезеңнің басынан бастап коммуналдық қызметтер елордадан 3,2 млн. текше метрден астам қар алып шықты, 20 мыңнан астам аумақта арық желілері тазартылды.

Жеке сектор тұрғындарымен үй маңындағы аумақты қардан уақтылы тазарту туралы ақпараттандырумен профилактикалық әңгімелер белсенді түрде жүргізілуде.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version