үй Қазақстан жаңалықтары Елордалық ТЖД азаматтарға автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береді

Елордалық ТЖД азаматтарға автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береді

0

211 rob

Бүгін сағат 08.06-да Өрт сөндіру қызметіне газель автокөлігі жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде газель автокөлігі ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Өрт сағат 08.22-де сөндірілді. Оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы 1990 жылы туған көлік жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізді. Жүргізуші беті, екі қолы, екі табаны 1- 2 дәрежелі термиялық күйік алған деген диагнозбен ауруханаға жатқызылды.

Өртті сөндіруге Астана қаласы ТЖД 6 қызметкері мен 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жыл басынан бері елордада автокөлікте өрт саны артқанын хабарлайды.

Көбінесе өрттің себептері электр сымдарының дұрыс жұмыс істемеуі және газ баллонды жабдықтың дұрыс орнатылмауы, сондай-ақ техникалық тексерудің дұрыс жүргізілмеуі болып табылады.

Осыған байланысты елордалық ТЖД автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады. Егер көлік қозғалыс кезінде жанса, келесі әрекеттерді орындау керек:

  • дереу тоқтап, жолаушыларды салоннан эвакуациялаңыз;
  • кезекші қызметтердің 101 немесе 112 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз, сондай-ақ жақын маңдағы адамдардан көмек сұраңыз;
  • қозғалтқышты сөндіріп, капотты ысырмалардан босатыңыз,  аккумуляторды  ажыратыңыз және өрт сөндіргішті қолданыңыз. Тез тұтанатын сұйықтықтар мен электр жабдықтарын сөндіруге арналған кемінде бір литр өрт сөндіргішті өзіңізбен бірге алып жүру ұсынылады. Өрт сөндіргіштің көлемі неғұрлым көп болса, өрттің алдын алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады;
  • қозғалтқыштағы өртті өшіру үшін суды қолдаңбаңыз, ол электрсымдарыным қысқа тұйықталуына және жанар май жануының көлемінің үлкеюіне  әкелуі мүмкін;
  • егер өрт сұйық отын орналасқан көліктің артқы жағына таралса, дереу көліктен алыстаңыз;
  • егер автокөлік гаражда өртеніп кетсе, оны сыртқа итеріп сөндіріңіз;
  • егер сіз сол сәтте маймен немесе бензинмен жұмыс істеген болсаңыз, өртті сөндіруге тырыспаңыз. Сіз өзіңіз зардап шегуіңіз мүмкін.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version