үй Қазақстан жаңалықтары ҰЭМ басшысы Қазақстандағы ЕҚДБ-ның басшылығымен кездесті

ҰЭМ басшысы Қазақстандағы ЕҚДБ-ның басшылығымен кездесті

0

322 rob

Астанада ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстан бойынша директоры Хусейн Озханмен кездесу өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тараптар 2022 жылғы бірлескен жұмыстың қорытындысын шығарды және 2023 жылға арналған жоспарларды талқылады.

ҚР Үкіметі мен ЕҚДБ шағын және орта бизнесті қолдау, экономиканың одан әрі тұрақты дамуы үшін қажетті инвестициялар тарту жөніндегі жұмысты жалғастырады. Сонымен бірге, алдыңғы келісімдер шеңберіндегі зерттеулер аяқталады.

Бұдан бөлек, кездесу барысында көміртегі бейтараптығына қол жеткізу перспективалары қарастырылды. Болашақта карбонсыздандыру қазба отындарын субсидиялаудан біртіндеп бас тартуды талап етеді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты жандандыру, оның ішінде бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді. Еске салайық, 23 қаңтарда Халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында Ақтөбе, Қарағанды, Тараз, Риддер және Қонаев қалаларында кәріз-тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау жөніндегі жоспарлар талқыланды.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version