үй Қазақстан жаңалықтары Ерұлан Жамаубаев «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын дамыту және «таза парақтан» реттеу мәселелері...

Ерұлан Жамаубаев «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын дамыту және «таза парақтан» реттеу мәселелері бойынша кеңес өткізді

17
0

220 rob

Ерұлан Жамаубаев «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын дамыту және «таза парақтан» реттеу мәселелері бойынша кеңес өткізді

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен Мемлекет басшысының бірқатар тапсырмасын орындау барысын қарады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Экономиканың басым секторларына арналған «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында агроөнеркәсіптік кешен және өңдеу өнеркәсібі саласындағы 15 Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші үшін субсидиялау мерзімін 5 жылдан 7 жылға дейін арттыру және сыйақы мөлшерлемесін 1 пайыздық тармаққа төмен белгілеу ұсынылды.

Мұндай субъектілер тізіміне экономиканың импортты алмастыру мақсатында өтелу мерзімі ұзақ капиталды көп қажет ететін секторлар кіреді.

Сондай-ақ жиын барысында кәсіпкерлік саласын «таза парақтан» реттеуді енгізу мәселесі талқыланды. Премьер-Министрдің тапсырмасын орындау мақсатында Ұлттық экономика министрлігі «таза парақтан» реттеу бойынша түзетулердің бірыңғай пулын қалыптастыру жұмыстарын жүргізуде. 7 ақпандағы жағдай бойынша түзетулер 32 бағыт бойынша ұсынылды.

Жиында кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін мемлекеттік бақылау және қадағалау жүйесін автоматтандыру мәселесі де қаралды. Мемлекеттік бақылау жүйесін автоматтандыру бойынша тапсырмаларды орындау мақсатында 2022 жылы «Smart Data Ukimet» ақпараттық-талдау жүйесі аясында 35 бақылау саласы сынақтық пайдалануға берілді. Биыл қалған 35 бақылау бағытын автоматтандыру жоспарланып отыр.

Бұл ретте өңірлік хабтарды қолдау және дамыту тұжырымдамасы пысықталып жатыр. Мұндай алаңдарда ақпараттық-білім берумен қатар, өңірлік хабтарды дамытуды қоса қаржыландыру көзделген.

Осылайша, өткен жылдың ІІ жартыжылдығында Жетісу облысының әкімдігі жергілікті IT-компанияларды біріктіру жұмыстарын жүргізді. Олар өз кезегінде барлығына фронтендті дамыту курстарын тегін ұйымдастырды. 

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жетісу облысының әкімдігімен бірлесіп жергілікті және ірі шетелдік IT-компанияларды тарту бойынша жұмысты жалғастыруда.

Жиын соңында Ерұлан Жамаубаев мүдделі мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берді.

Источник: dknews.kz