үй Қазақстан жаңалықтары «Ерлік күні» акциясы десанттық-шабуылдау бригадасында өтті

«Ерлік күні» акциясы десанттық-шабуылдау бригадасында өтті

4
0

224 rob

"Ерлік күні" акциясы десанттық-шабуылдау бригадасында өтті

Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Іс-шарада ҚР Ұлттық ұланы арнайы жасағының ардагері, «Burkit арнайы жасақ» фильмінің продюсері Камал Жақсылықов бастаған көркем кинокартинаның жасаушылары десантшыларға қазіргі заманғы батырлар ерлігін экранда бейімдеу арқылы олардың батылдығы мен жанқиярлығын насихаттауға бағытталған акцияның мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Картинаны көрген соң кездесуге қатысушылар мен Ұлттық Ұлан арнайы мақсаттағы жасақ ардагерлері әскери қызметшілердің сұрақтарына жауап берді, ал жауынгерлер болса фильм туралы өз пікірлерімен бөлісті, әскердегі қызметі және болашақ жоспарлары туралы айтып берді.

"Ерлік күні" акциясы десанттық-шабуылдау бригадасында өтті

Десантшылардың сұрақтарына ардагер полковниктер Сабыржан Сүлейменов, Тимофей Меркулов және Қуаныш Қожахметов жауап берді. Сондай-ақ, арнайы мақсаттағы күштердегі қызмет пен оған қалай іріктелетіні және жасақ символы – күрең берет тағу құқығына арналған сынақтар, Ұлттық Ұланның элиталық бөлімшелеріндегі басқа да қиындықтар туралы оларға запастағы офицерлер, мемлекеттік наградалар мен күрең берет иегерлері полковник Камал Жақсылықов, подполковник Ринад Сағидолдинов және капитан Еділ Исаев айтып берді.

"Ерлік күні" акциясы десанттық-шабуылдау бригадасында өтті

Бригаданың тәрбие және идеологиялық жұмыс бөлімінің офицері майор Нұрлан Әбілқасымовтың айтуынша, кинокартина күшті патриоттық рухқа ие, Отан қорғаушыларымызға деген сенімділік пен мақтаныш сезімін ұялатады.

Фильмді көру біздің жастарға, мерзімді қызмет сарбаздарына оң әсер ететініне сенімдімін. Дәл қазіргі алмағайып заманда, әскери қызметшілердің жауынгерлік және моральдық рухын көтеретін осындай фильмдер қажет. Өз кезегінде, десантшылар өздерін сенімді сезінеді және Отанымыздың қауіпсіздігіне қауіп төнген жағдайда қойылған кез келген міндетті орындауға әзір Нұрлан Әбілқасымов

Мен өткен жылдың көктемінде Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Достық ауылынан әскер қатарына шақырылдым. Туынды өте серпінді түсірілген және әскери қызметке оң көзқарас қалыптастырады, қиын қойылымдар мен жекпе-жек көріністеріне толы, элиталық арнайы күштердегі қызметті насихаттайды және рухты жаниды. Мұның бәрі бізге қызметке деген сенімділік пен жігер береді. Мен экшн-фильмді көргеніме қуаныштымын, өйткені әскерге дейін фильмнің тек трейлерін көрдім. Ұйымдастырушыларға ұсынылған осындай мүмкіндік үшін алғысымды білдіремін Мерзімді қызмет әскери қызметшісі қатардағы Қожамұрат Өтеулиев

Біз өз қалауымыз бойынша Конституциялық борышымызды орындауға келдік, мен десанттық әскерде қызмет еткенімді мақтан тұтамын. Маған Фильм өте ұнады және керемет әсер қалдырды. Өзім Ақтау қаласынан шақырылып, енді мерзімді қызметтен кейін өз тағдырымды армиямен байланыстырып, келісім-шарт негізінде қызмет етуге шешім қабылдадым. Енді мына туындыны көрген соң Ұлттық ұланның элиталық арнайы жасағында қызмет етуге және күрең берет иегері атануға құлшыныс жасаймын Деп өз әсерімен қатардағы Оразхан Қабырханов бөлісті

"Ерлік күні" акциясы десанттық-шабуылдау бригадасында өтті

Айта кетейік, Десанттық-шабуылдау бригадасы Қазақстан Қарулы күштерінің Десанттық-шабуылдау әскерлерінің құрамына кіреді және Жоғарғы Бас Қолбасшының резерві болып табылады. Бұл жоғарымобилдік және заманауи техникамен жабдықталған әскерлер түрі. Әскерлер мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және тапсырмаларды жауынгерлік қатарларда ғана емес, негізгі күштерден бөлек, сондай-ақ қарсыластың тылын да да атқара алады.

"Ерлік күні" акциясы десанттық-шабуылдау бригадасында өтті

Источник: dknews.kz