үй Қазақстан жаңалықтары Ертегілерге 90 жыл: Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театры мерейтойға дайындалуда

Ертегілерге 90 жыл: Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театры мерейтойға дайындалуда

7
0

181 Awrora

Ертегілерге 90 жыл: Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театры мерейтойға дайындалуда

Фотосурет: Almaty_akimdigi

Алматыда 10 жылда алғаш рет Мемлекеттік қуыршақ театрында жаңарту мен жөндеу жұмыстары жүргізілді. Театрдың сахна кеңістігі, көрермендер залы, грим бөлмелері, гардеробы жөнделіп, есіктері мен едені жаңартылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Сапалы дауыс пен жарықты қамтамасыз ететін соңғы үлгідегі заманауи сахна жабдықтары сатып алынды. Қазір театр ұжымы бірнеше премьера дайындап жатыр. Шарль Перро ертегісі негізінде «Етіктегі мысық», Гогольдың «Шинель» және Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повестері бойынша жаңа спектакльдер қойылады. 

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Ғани Майлыбаев театрды жаңарту көрермендер үшін де, қызметкерлер үшін де қолайлы жағдай туғызатынын атап өтті. 

Келесі жылы театрдың құрылғанына 90 жыл толады. Жыл сайын 80 мыңнан астам көрерменді қабылдайтын өнер ордасы бүлдіршіндердің де, ересектердің де сүйіспеншілігіне бөленіп келеді.

Источник: dknews.kz