217 rob
Фотосурет: Vlad Vasnetsov / Pixabay
2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні, деп хабарлайды DKNews.kz.
Мерекені 1967 жылы «Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті жөніндегі халықаралық кеңес» коммерциялық емес ұйымы бекіткен. Бұл күн кездейсоқ дата емес. Айтулы күн тарихтағы ең танымал ертегілер авторының бірі – Ханс Кристиан Андерсеннің туған күнімен сәйкес келеді.
Балалар әдебиеті – көркем әдебиеттің ауқымды саласы. Қазақ жазба әдебиеті қалыптасқаннан бері балалар әдебиеті – тілі, стилі, мазмұны мен құрылымы жағынан ұлт тарихындағы үлкен маңызға ие.
Қазақстанда балаларға арналған 249 кітапхана бар. Айта кетейік, өткен ғасырда
Алматы қаласында негізі қаланған С.Бегалин атындағы балалар кітапханасы еліміздегі ең көне кітапхана саналады. Ал ең жаңа балалар кітапханасы — Алматыда 2020 жылы бой көтерген «ALATAU CREATIVE HUB» жаңа орталығы.
Жыл басынан бері облыс, аудан, қалалар мен ауылдарда орналасқан кітапханаларға 1 733 686 жас оқырман келген. Бүгін еліміздің барлық кітапханаларында түрлі іс-шаралар, атап айтқанда кітап көрмелері, интеллектуалды ойындар, кездесулер, әдеби бенефис, кітапханаға саяхат ұйымдастырылады.
Еліміздің барлық жас оқырмандарын білім, ғылым, таным сапарына жол сілтейтін айтулы күнмен құттықтаймыз!
Источник: dknews.kz