үй Қазақстан жаңалықтары ХІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасында қазақстандық оқушылар 66 медаль жеңіп алды

ХІХ Халықаралық Жәутіков олимпиадасында қазақстандық оқушылар 66 медаль жеңіп алды

0

150 Awrora

Оның ішінде 6 алтын, 20 күміс және 40 қола медаль бар. Жеңімпаздар еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының атаулы сыйлықтары мен білім гранттарын иеленді, деп хабарлайды DKNews.kz.

26 елдің 281 командасы 10 күн бойы математика, физика және информатика пәні бойынша сынға түсті. Қазақстаннан құрамында 250 оқушысы бар 35 команда бақ сынады. Дәстүрлі халықаралық Жәутіков олимпиадасына Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресей, Грузия, Румыния, Сербия, Украина, Үндістан, Түркия, Ұлыбритания және басқа да елдердің физика-математика бағытындағы мамандандырылған мектептерінен жалпы 1200-ден аса оқушы қатысты.

«Халықаралық Жәутіков олимпиадасы оқушылар арасында танымал бола түсті. Олимпиада кезінде қатысушылар күрделі математикалық есептерді шешеді. Мұндай зияткерлік конкурстар олардың білімін тереңдетіп қана қоймай, балаларды командада жұмыс істеуге, достық қарым ‒ қатынас орнатуға үйретеді» РФММ басқарма төрағасы Руслан Қалиев

Олимпиада қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар 66 медаль жеңіп алды. Оның 6-уы алтын, 20-сы күміс және 40 қола. Жеңімпаздарға сыйлықтар мен білім беру гранттары қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық Жәутіков олимпиадасы ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің қолдауымен Республикалық физика-математика мектебінің базасында өтті.

Источник: dknews.kz

Exit mobile version