үй Қазақстан жаңалықтары ІІМ рейдтері: Қазақстан притондармен және жеңгетайлықпен күресуде

ІІМ рейдтері: Қазақстан притондармен және жеңгетайлықпен күресуде

30
0

211 Awrora

ІІМ рейдтері: Қазақстан притондармен және жеңгетайлықпен күресуде

Фотосурет: Gov

ІІМ интимдік сипаттағы қызмет көрсететін притондарға қатысты ауқымды тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды DKNews.kz.

. Рейдтерді өткізудің алғашқы тәулігінде жезөкшелікпен айналысу үшін үй-жайлар берудің 70-тен астам фактісі анықталды.

Кінәлі тұлғалар ҚР ӘҚБтК-нің 450-ші бабы (Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, онда жүзден мыңға дейінге айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген.5 жеңгетайлық фактісі анықталды.

Сонымен қатар жедел-профилактикалық іс-шараларды жүргізу барысында бұрын жасалған Семей қаласының тұрғынынан ұрланған 3 млн теңге ақша ұрлығы ашылды, оның банктік картасын интимдік қызмет көрсеткен қыз ұрлап алып, ақшалай қаражатқа айналдырған.

Тағы бір мысал, Түркістан облысында 18 жыл бойы хабар-ошарсыз кеткен адам ретінде іздеуде жүрген әйел Атырау облысында табылды. Сұрау барысында ол 16 жасында ата-анасымен болған жанжалға байланысты 2005 жылы үйден кетіп, әртүрлі қалаларда тұрғаны анықталды. Содан бері ол жақындарымен араласпаған. Алматы және Шымкент қалаларында түрлі мекемелерде тазалаушы болып жұмыс істеген. Ал бірнеше күн бұрын Құлсары қаласына келген.

Аталған дерек бойынша Түркістан облысының полиция департаментіне дереу хабар беріп, азамат туыстарымен байланысқа шықты.Жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азамат қазіргі таңда полиция бақылауында. Оны туыстарына жіберу үшін тиісті шаралар қабылданып, құқықтық кеңес берілді.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері қылмыстық және әкімшілік полициямен бірлесіп рейдтік іс-шараларды жалғастыратын болады.

Источник: dknews.kz